Тәуелсіздік күніне орай түбек халқына тамаша тарту жасалды (+фото)

Әлеумет
15.12.2021, 13:22
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында түбек жұртшылығы тамаша сыйлыққа кенелді. Маңғыстаулықтардың көптен күткен арманы орындалып, өңірге қанша жылдан кейін Тальго пойызы келді. Алматыға қатынайтындар енді жүрдек пойызға мініп, әдеттегіден 15 сағат ерте барады. Жаңа пойызды қарсы алуға келгендер қарасы вокзалда мол болды. Жергілікті тұрғын  Сәуле Айтбаева апай осы пойызбен  Жамбылдан келе жатқан туысын қарсы алуға келіпті.

  - Мына жаңалықты естіп, төбеміз көкке жетті. Сенер-сенбесімізді білмей, көзбен көріп, әрі құдағайымызды күтіп алуға өзім шығып тұрмыз. Қасымда үлкен апайым да бар. Ол кісі таяққа сүйеніп жүрсе де «Тальго» дегенді көзімен көріп тамашаламақ.  Жасым алпысқа келіп қалды. Бұл пойыз біз сияқты егде жастағыларға дұрыс болды. Кәзір көбінің қан қысымы бар, ұзақ жолды көтере алмайды. Жол қысқарды, енді құдағайыммен бірге оңтүстікке қонаққа кетсем бе деп отырмын, - дейді Сәуле апай.

Сонымен жергілікті уақыт бойынша түскі сағат 14:24 минутта №111-112 «Алматы-2-Маңғыстау» пойызы жергілікті теміржол вокзалына келіп тоқтады. Пойыз бастығы, осы салада 15 жылдық тәжірибесі бар Амантай Ұзақбаев жолсеріктерімен бірге перронға түсіп, жолаушылар мен қол жүктерін түсіруге көмектесе бастады. Құрамда жолаушыларға арналған 19 вагон және вагон-бар, вагон-рестораны бар екен. Бірінші және соңғы вагондарда екі, қалғанында бір жолсерік жолаушыларға қызмет көрсетіп келген. Вагонның біреуінде 5 купе, 18 орыннан. Әжетханасы, жуынатын және шай ішетін орындары өз алдына. Сонымен қатар бұл пойыздың артықшылығы кішігірім бекет, станцияларда тоқтап, жолаушылардың уақытын алмайды. Алматыдан Маңғыстауға дейін 15 рет қана аялдама жасайды.  Соның ішінде өңірімізде тек Бейнеу, Тассай және Маңғыстау станциясында тоқтайды. Алматыдан жұп күні жолға шығып, түбекке де жұп күні жетеді. Жылдамдығы сағатына 120-150 шақырымды құрайды.

 -   Алғашқы жолсапарымыз тыныш, артық кедергі-қиындықсыз жақсы өтті. Бізбен келе жатқан халықтың көңіл күйі көтеріңкі болды. Жолға барлық орын жолаушымен қамтылып толық шықтық, жол бойы түсіп-мінгендер де баршылық. Вагондарда бар қажеттілік қарастырылған. Жолаушыларға арнайы портал қолжетімді.  Құрамда 20 жолсерік, 2 борт-механик бар. Ресторанда 3 адам қызмет етеді, - деп мәлімет берді пойыз бастығы Амантай Ұзақбаев.

Сол жерде «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Экспресс Алматы» телімі бастығының орынбасары Мырзақұл Қожановты да кездестірдік. Бірінші сапарды қадағалап жолға шыққан ол қай жерден заправка жасау, су құю, қоқыс тастау керек деген сияқты техникалық мәселелерді шешу жолын  бақылап келіпті.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл