Семейлік жас теміржолшылар донор болуға ынталы

Әлеумет
27.12.2021, 09:10
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жастар ұйымының бастамасымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қайырымдылық шаралары жалғасуда. Жуырда бір топ теміржолшы жастар қалалық қан орталығына арнайы барып, донор ретінде қан тапсырды. Мұндай шаралар бұрын да ұйымдастырылып келді, биылғы артықшылық, қан тапсырғандар санының артуымен ғана ерекше болды және ынта білдірушілер қатарында жастар көп.

– Алдын ала жасалған хабарландыруға үн қосып, қан өткізуге ниет білдіргендер шынында биыл көп болып отыр. Жалпы, бөлімшемізде қалыптасқан ерікті «Теміржолшы донорлар» ұйымы бұл шараға әрдайым сергек қарайды. Сондықтан да болар, қан тапсыруға үзбей барып тұратын әріптестеріміздің қатары артуда. Бұл жолы біз – жастар белсенділік танытып, әрқайсымыз қалалық қан орталығына келіп 450 грамнан қан тапсырдық. Мүмкін, бір адамның болса да өмірін құтқарған шығармыз, – дейді бастамашыл топтың жетекшісі, Семей ЖТ бөлімшесінің жастар ұйымының төрайымы Арайлым Қосанова.

Жалпы Семей теміржолында қан тапсырып, қайырымдылық жасауда белсенді қызметкерлердің қатары көп. Бөлімшеде осы уақытқа дейін 40 реттен аса қан, 70 рет плазма өткізіп, 500 литрге жуық қан тапсырып, «Құрметті донор» төсбелгісін иеленген кең жүректі теміржолшы да еңбек етуде. Енді, міне, аға буын қалыптастырған сауапты да игілікті шараны жастар қауымы жалғастырып отыр.

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады