Теміржол саласына орта буын мамандар дайындайтын оқу орнының тарихы тереңде

Әлеумет
10.01.2022, 11:24
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордадағы жоғары көлік және коммуникация колледжіелорда тарихындағы ең алғашқы арнаулы кәсіби техникалық оқу орны. Құрылғанына биыл 76 жыл толған білім ошағынан содан бері 35 мыңнан астам түлек түлеп ұшты.

Техникум 1945 жылы мамыр айында ашылғанда «Қозғалыс және жүк тасымалдау жұмысының технигі», «Паровоз шаруашылығының технигі» деген екі ғана мамандық бойынша алғашқы 120 студентті қабылдапты. 1949 жылы оны 105 түлек ойдағыдай бітіріп шығады. Алғашқы түлектер күні бүгінге дейін теміржолда еңбек етуде. Бір айта кетерлігі – теміржол саласындағы оқу орындарының басшылық қызметіне сол кезде, негізінен, әскери саладан тағайындалатын болған. Мысалы, оқу орнының тұңғыш директоры қызметіне генерал-майор Иван Филларионович Шиманский тағайындалған. Бұл үрдіс жетпісінші жылдардың соңына дейін сақталып келді. Біртіндеп мамандықтар қатары 12-ге жетті. Егемендік алғаннан кейін тағы 4 мамандық қосылды. Сөйтіп қазіргі кезде колледж 16 мамандық бойынша мамандар даярлайды, оның ішінде жеті мамандық теміржол саласына қатысты.

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында алғашқы жылдары қаладағы кейбір нысандар, мәселен, ат қоралар қайтадан жабдықталып, жатақханаларға айналған екен. Сол заманның өзінде материалдық жағдайы төмен студенттерге мемлекет тарапынан арнайы ақшалай көмек пен киім-кешек тегін беріліпті. Техникум сол кезде орталыққа – Мәскеуге тікелей бағынуының арқасында көптеген мәселелерді өз пайдасына қарай ұтымды шешіп отырған.  Оқу орнын 1968-1977 жылдары басқарған Сапар Мустафин техникум тарихында алғаш рет ауыл-аймақтардан келген теміржолшылардың балаларына арнап қазақ топтарын ашты. Бұл өз заманында темір жол саласындағы ұлттық кадрлар үлесін арттыруға жасалған үлкен қадам болғаны анық.

Тәуелсіздіктен кейінгі жылдар

Тәуелсіздік алғаннан кейін қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістер білім нарығына да үлкен әсер етті. Елде көптеген кәсіби орта білім беру ұйымдары нарықтық қатынас өзгерістеріне шыдамай жабылып жатты.Біртіндеп колледждің материалдық базасы толық жаңартылды. Әсіресе, әкімдік тарапынан көп қолдау көрсетілді.

«Колледж қайта даярлау және курстарды өткізу арқылы қаржы игерді. Техникумды 1995-2008 жылдары басқарған Жеңіс Жақыпбековтің ерлігі – ол Астана 1997 жылы Целиноградқа көшкен сәтте техникумды сақтап қана қоймай, оқу орны үшін жаңа ғимарат талап ете білді. Нәтижесінде колледж осы қазіргі мекенжайға жайғасты. Біздің оқу орнымыз еліміз бойынша ең бірінші болып 2012 жылы дуалды оқытуды бастады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Білім және ғылым министрлігі және колледж арасында үшжақты келісімшартқа қол қойылды. Басында дуалды оқытуды 4 мамандық бойынша бастасақ, қазір 6 мамандықты оқытып жатырмыз. Бұрын біз 70 пайыз теориялық білім беріп, студенттерді 30 пайыз ғана тәжірибеге араластырсақ, енді дуалды оқытудың арқасында осыны керісінше етіп, практикалық білімді көбейттік», – дейді колледж директоры, Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлар кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының докторы Зулфухар Ғайыпов.

2008 жылы колледж базасында теміржол мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі құрылды. Бірлестікте темір жол мамандықтарына арналған Мемлекеттік білім беру стандарттары, ережелер, әдістемелік нұсқаулықтар әзірленді. Колледж Нұр-Сұлтан қаласындағы оқу орындарының ешқайсысында жоқ, жетілдірілген, жаңа модификациялы компьютерлік сыныптармен жабдықталды. Білім мен тәрбие беру саласында үздік жетістіктерге жеткені үшін колледж 2012-2013 оқу жылында қала әкімінің «Үздік колледж-2012» грантына ие болды.

Мамандықтар қатары молайды

Кейінгі жылдары жаңадан «Жол қозғалысын ұйымдастыру» «Энергоменеджмент» және «Логистика» мамандықтары ашылды. Сонымен қатар оқу орны білім саласындағы жаңа трендтерден қалыспай, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша алғаш рет «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығына қолданбалы бакалавриат білім деңгейін енгізіп, 25 студентті қабылдады. Сосын тағы да екі мамандық – «Электрмен қамтамасыз ету», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» бойынша қолданбалы бакалавриат лицензиясы алынды. 2018 жылы оқу орны толығымен халықаралық аккридеттеуден өтті.

«2017-2018 оқу жылында №2 студенттер үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, студенттердің тұрмысы мен оқуына ыңғайлы жағдай жасалды. Қазіргі таңда «Студенттер үйі» интернет жүйесі және кабельдік телеарнамен қамтамасыз етілген. 75 жылдық тарихында колледж барлық оқу орындары сияқты көптеген қиын да ауыр жылдарды бастан кешірді. Алайда, соған қарамастан әрдайым жетіліп, заман талабына сай өзгеруде. Колледж ұжымы келешекте де республикалық және шетелдің озық оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынас орната отырып, әлі де талай игі істер атқаратыны анық. Алдағы уақытта бізді көптеген жаңа бастамалар, жетістіктер мен жеңістер күтуде», дейді колледж директоры З.Сұлтанұлы.


Райхан Рахметова

Жаңалықтар
03.03.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған
Спорт
02.03.2026
Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті
Қауіпсіздік
02.03.2026
Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
02.03.2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Әлемде
02.03.2026
Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде
Жаңалықтар
27.02.2026
«КСО» АҚ-да референдум талқыланды
Жолаушылар тасымалы
27.02.2026
Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?
Цифрландыру
27.02.2026
Теміржолдағы технологиялық серпіліс
Жаңалықтар
27.02.2026
Апаттың алдын алғандар
Спорт
27.02.2026
Шаңғы жолындағы жарыс