Түбек теміржолшылары қан тапсырды

Әлеумет
11.01.2022, 13:05
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ел басына күн туғанда жүрегі елім деп соғатын әрбір адам халқының қиындығын жеңілдетуге асығады. Осы орайда маңғыстаулық теміржолшылар да өз үлесін қосуда. Бүлікшілердің кесірінен зардап шешіп, ауруханада жатқан жандарға арнап қан тапсыруда. Науқастарға қазіргі ауадай қажет нәрсенің бірі де осы.

Кеше Маңғыстаудағы қан орталығында жұмыс күні басталысымен алғашқы келген донорлар теміржолшылар болды. Біріншілерден болып Маңғыстау қосалқы бөлімшесі бастығы Нәжімеден Ғұбашов пен теміржолшылар кәсібі одағының Маңғыстаудағы өкілі Әзірбай Тұрмағанбетов, бөлімшенің персоналды басқару бөлімі басшысы Екпін Қожахметов және бөлім басшылары қан тапсырды.

Таңғы сағат сегізден түске дейін елуге жуық теміржолшы донорлық қадамын жасады. Олардың ішінде отбасымен келіп жатқандары да бар. Бұл бірінші күнгі көрсеткіш. Екпін Қожахметовтың айтуынша, қан тапсыруға кезегін күтіп тұрған теміржолшылар әлі көп. Мұқтаж жандарға өз қаны арқылы көмектесуге келетін сала қызметкерлерінің саны алдағы екі күннің ішінде тағы да артатүспек.

-  Соңғы күндері елімізде болып жатқан жағдай белгілі. Соған байланысты зардап шеккен азаматтарға Маңғыстау теміржолы атынан бір топ теміржолшы болып қан тапсырып жатырмыз. Мұндай кезі қолдан келген көмегін беру, елдегі әр азаматтың міндеті деп білеміз. Бізге керегі еліміздің амандығы мен  жұртымыздың тыныштығы. Соған біз де осындай қолдан келгенше атсалысудамыз, дейді Маңғыстау қосалқы бөлімшесі бастығы Нәжімеден Ғұбашов.  

Шахида Жұман

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға