Семейдегі теміржолшы жастар қоғамдық іс-шараларда белсенді

Әлеумет
31.01.2022, 12:35
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей теміржолының жастары қоғамдық іс-шараларда ерекше белсенділігімен танылған. Әсіресе, өңір бойынша ұйымдастырылатын түрлі қайырымдылық акцияларында теміржолшылар жақсылық жасап жарысуда.

Теміржолшы жастардың белсенділігінің бір айғағы сол, олар облыс бойынша ұйымдастырылған түрлі шараларда бас бәйгені бермей жүр. Мәселен, облыс орталығы Өскемен қаласында «Жастар жылына» орай зауыттар мен кәсіпорындардағы жұмысшы жастар арасында аймақтық деңгейдегі өткен VII «Қайратты жастар» байқауында семейлік теміржолшы жастар үздіктер қатарынан табылған болатын.

Оған бір себеп, жастардың аймақ бойынша өтіп жатқан «Қайырымды істер марафоны» жобасына ерекше белсенділікпен қатысуы десек, қателес- пейміз. Өңірдегі ең үлкен компанияға жергілікті әкімдіктің жастар ісі секторы көп арқа сүйейді. Сондықтан, Жеңіс мерекесі, қарттар күні, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау, қан тапсыру сынды шараларда алдыңғы орында теміржолшылар жүреді.

Жалпы, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қолға алынған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасын іске асыру бойынша ШҚО республика бойынша үздік нәтиже көрсеткенін айта кету керек. Құрамында семейлік теміржолшы жастар бар еріктілер 3 мыңға жуық әлеуметтік және қайырымдылық шаралар ұйымдастырып, 24 мыңнан астам адамға көмек қолын созыпты.

– Өткен жылдың басынан бері аймақ жастары облысымыз бойынша халықаралық және республикалық деңгейдегі 6195 шара өткізген екен. Оған теміржолшылардан құралған еріктілер де елеулі үлес қосты. Әйтсе де, ұлттық компания басшылығы мен салалық кәсіподақ ұйымы тарапынан ұйымдастырылатын қайырымдылық акцияларын алғашқы орынға қоямыз, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің Семей ЖТ бөлімшесі бойынша аймақтық өкілі Арай Қосанова. Мәселен, өткен айдың соңында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай теміржолшы-ардагерлер арасындағы елеусіз қалған, мүгедектігі бар жандарды арнайы іздестіріп, хал-жағдайын біліп, қажетті көмек көрсетіп, азық-түлік қоржынын тарту етіпті.

«Мұндай шаралар биылғы жылы да жалғасын табатын болады. Қазіргі таңда бөлімше басшылығының, кәсіподақ ұйымының ақыл қосуымен арнайы жұмыс жоспарын әзірлеп жатырмыз. Жастар тарапынан ұсынылатын креативті идеялар да қабылданады», – дейді жастар жетекшісі.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті