Тәртіп сақшылары «Өтес» мектебінде кездесу өткізді

Әлеумет
16.02.2022, 08:49
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

7-11 ақпан аралығында Маңғыстауда өтіп жатқан «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы аясында Сай-Өтес станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржолға жақын орналасқан «Өтес» мектебінде кездесу өткізді.

Желілік полиция бөлімі мен ауыл әкімдігі бірлесе ұйымдастырған шарада қауіпті аймақ саналатын темір жол бойында ойнауға және белгіленбеген жерден өтуге неліктен тыйым салынатыны егжей-тегжей мысалдармен түсіндіріліп, арнайы ережелер таныстырылды.
– Ойын баласы қызық көріп теміржолға шығып кетуі жиі кездеседі. Оның арты орны толмас өкінішке ұрындырып жатқанын да көріп жүрміз. Сондықтан, біздің мақсатымыз – балаларды сақтандыру, темір жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үйрету. Жол бойындағы белгілердің, бағдаршамның, шлагбаумның орналасуын және өткел кезекшісінің нұсқауын назарға алу қажеттігін, яғни қауіпсіздікті әркім өзінен бастауы керек екенін түсіндірдік, арнайы буклеттер тараттық, – дейді Сай-Өтес ст. ЖПб инспекторы Нұрлыбек Рахметов.
Инспекторлар, сондай-ақ, жолаушылар пойыздарына тас ату, жолға бөгде зат қоюдың салдары туралы да балаларға ескертіп, сондай бұзақылық кесірінен болатын ауыр жағдайларға шолу жасады.


Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл