ҚТЖ басшысы теміржолшы аруларды мерекелерімен құттықтады

Әлеумет
10.03.2022, 11:34
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның теміржол саласында еңбек етіп жүрген аруларын құттықтады.

«Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, биылғы мереке теміржолшы қыз-келіншектер үшін тосынсыйға толы болды. Ұлттық компания басшысы нәзік жандары төл мерекелерімен құттықтады. «Жолы – темір, ал адамдары – алтын» дейтін теміржолда әйелдер қауымының ролі ерекше. Сіздерге мықты денсаулық, толағай табыс және әйел бақытын тілеймін!», – деп ақжарма тілегін арнаған Н. Сауранбаев мереке иелелеріне Алғыс хат пен Құрмет грамотасын табыс етіп, тағы бірқатар қызметкерді «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Алғыс хатпен марапатталғандарға – 6 АЕК, Құрмет грамотасына ие болғандарға – 8 АЕК, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісін алғандарға 40 АЕК көлемінде арнайы сыйақы берілді.
Ұлттық компания орталық ғимаратының үшінші қабатында ханымдар құрметіне ұйымдастырылған арнайы фуршет пен концерт әйелдерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бір айта кетерлігі – концерттік бағдарламаға сырттан әншілер шақырылмай, ҚТЖ компаниясының ер азаматтары өз өнерлерін көрсеткені әйелдер қауымы үшін нағыз тосынсый болды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған салтанатты жиында теміржол аруларына ерекше құрмет көрсетілді.

Мереке құрметіне «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы көп балалы және балаларды қамқорлығына алған әйелдерді арнайы марапаттады. Еңбекте абыройлы қызмет атқарумен қатар отбасында асыл жар, аяулы ана болып жүрген 25 нәзік жан иесін Серіктестік бас директорының орынбасарлары Қанат Көбесов пен Нұржан Қалдыбатыр құттықтап, жоғары кәсібилігі мен еңбекқорлығы, өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс білдірді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті