Өңірлердегі нәзік жанды теміржолшылар мерекелік сый-сияпатқа бөленді

Әлеумет
11.03.2022, 08:38
Қазақстан теміржолшысы

Шуақты көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнін аймақтар да кең көлемде атап өтті. Оған карантиндік шектеулер саябырсып, аймақтардың қауіпсіздіктің жасыл деңгейіне көшуі де себеп болғаны анық.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Батыс аймақтық филиалының басшылары теміржолшы қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, әлемге ізгілік нұрын сепкен әйел затына тағзым етті. Мерекелік форматтағы кездесуге бөлімшенің барлық нәзік жан иелері арнайы шақырылып, оларға құшақ-құшақ гүл шоқтары табыс етілді, Ана туралы әндер шырқалып, естен кетпес ерекше кеш өтті.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде мыңның үстінде әйел адам жұмыс жасайды. Бірі станцияда, бірі жол күтімінде, енді бірі байланыс саласында, жолсерік, жүк қабылдаушы, кассир, инженер, т.б. әрқайсысы темір жолдың табысын еселеу жолында тер төгіп жүр. «Темір жол әйел қауымы үшін қиын сала екенін бәріміз білеміз. Соған қарамастан сіздер өз міндеттеріңізге адалдық танытып, барлық қиындықты ерлермен иық тірестіре бірге атқарып келесіздер. Үйде – ана, ене, жұбай, апа, сіңлі, қарындас, келін, аяулы қызы бола жүріп, жұмыста білікті мамансыздар. Ел темір жолы қанша өркендесе, сіздердің де сонша қолтаңбаларыңыз бар. Мереке құтты болсын, отбасыларыңыз аман, ұрпақтарыңыз бүтін, болашақтарыңыз жарқын болсын!» деді мерекелік жиында әйелдерді құттықтаған бөлімшенің бас инженері Бауыржан Картан. Бөлімше жігіттері атынан қыз-келіншектерге кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып дайындаған сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді. Дина Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжі өнерпаздарының орындауындағы концерт шара шырайын аша түсті.

Семей жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы Сиязбек Әлішев бөлімшеде еңбек ететін күміс алқалы көп балалы аналарды арнайы қабылдады. Бөлімше басшысы әйелдер қауымының жауапкершілігі мол теміржол саласында ерлермен тізе теңестіре абыройлы еңбек етіп жүргенін жеткізе келе, үйде де, түзде де жасампаздықтың жарқын үлгісі аналар қандай құрметке де лайық екенін жеткізді. Шалғайдағы станцияларда қызмет етіп жүрген көп балалы аналарға мерекелік сыйлық жасалып, гүл шоқтары тарту етілді.

Қызылордалық ер азаматтар мереке күні әйелдерді таңалагеуімнен кіреберісте гүл шоқтарымен қарсы алды.

«Түнгі ауысымнан шыққан және жұмысқа келген әріптес аруларды есік алдында күтіп алып гүл мен сыйлық ұсындық. Және Сексеуілден бастап Сауран станциясы арасындағы барлық бекеттердегі әріптестерімізді мерекелерімен құттықтадық. Бөлімше қыздарының еңбектеріне алғыс айтамыз, отбасыларына береке-бірлік, денсаулық, нағыз әйел бақытын тілейміз», – деп ізгі тілегін жеткізді Қызылорда ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Өмірзақұлы.

Еліміздің Түркіменстанмен шекарадағы Болашақ бекетінде еңбек етіп жүрген әйелдер қауымын станция бастығы Мақсат Нұрбеков бастаған ерлер қауымы құттықтап, кәсіподақ ұйымының атынан 16 теміржолшы аруға тұрмыстық техника мен ыдыс-аяқ жиынтығын сыйға тартты.

Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе,
Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау,
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда, Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады