«Нұрлы жол» вокзалындағы ісмер қыз-келіншектер арасында байқау өтті

Әлеумет
16.03.2022, 08:03
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Нұрлы жол» вокзал кешенінде жақында «Ал, қанекей, қыздар!» атты ерекше байқау өткізілді. Оған осы вокзалда еңбек ететін сұлу да сымбатты ғана емес, он саусағынан өнер тамған талантты қыздар қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Арулар байқау шартына сәйкес өзара бақ сынасты. 4 ауысымнан шыққан кезекші қыздар шеберліктерін сынға салып, өнерлерін паш етті. Өнер болғанда да, негізгі талап қамыр илеу, оны жаю және кеспе етіп кесу болды. Яғни, бүгінгі таңда «дайын асқа тік қасық» болуды қалайтын, үй шаруасына олақ кейбір әйел заты үшін байқау есігі тарс жабылды деуге болады. Дегенмен ұлттық тамақ – ет асып, нанын жабуды бес саусақтай меңгерген ақылына көркі сай қыз-келіншектер де баршылық екен. Вокзал басшылығынан құралған қазылар алқасы сайыскерлердің қамыр илеу мен жаюдағы техникасын әділ бағалап, балл беріп отырды.

Сайыс нәтижесінде қамыр илеу мен жаюдың техникасын шебер меңгерген және шаштай етіп кеспе кескен Мадина Малгаздарова есімді өнерлі ару бас жүлдені жеңіп алды. Көзайым Каримова – 1-орын, Аяжан Жанұзақова – 2-орын, Лаура Букашева 3-орын алды. Жүлделеріне орай қыздарға 15-30 мың теңге аралығында сыйақы беріліп, өнерлеріне алғыс айтылды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті