Семейдегі ардагер теміржолшылар ұлттық құндылықтырды дәріптеуде белсенді

Әлеумет
18.03.2022, 10:35
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы Наурыз мерекесі шығыстағы теміржолшылар үшін ерекше леппен өтуде. Әсіресе, зейнетке шықса да қоғамдық қызметтен қол үзбей жүрген ардагер теміржолшылардың белсенділігі жоғары болып тұр.

Бүгінде ақ кимешекті әже атанған бірқатар теміржолшылар жас буынды ұлттық салт-дәстүрге баулу, көпшілік арасында қазақтың ежелгі әдет-ғұрып түрлерін насихаттау бойынша тағылымды жұмыстар жүргізіп жүр. Салалық ардагерлер қауымы қаладағы түрлі ұйымдар, бірлестіктермен қосылып, түрлі іс-шараларға ұйытқы болуда. Мәселен, қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттайтын орталықтармен бірлесіп, түрлі қоғамдық шаралар ұйымдастыруда. Соның ішінде жас буын арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша біршама жұмыс жасалған. Мәселен, осыған дейін қала көлемінде «Қымызмұрындық», «Ақ орамал», «Бауырсақ» сынды шаралар өткізілген болатын. Міне, осы ауқымды жұмыстардың қатарында биылғы жылы Наурызды мерекелеуге арналған түрлі тағылымды басқосуларға да ұйытқы болды.

Дәстүрлі «әжелер мектебінің» бүгінгі өкілдері арасында ұзақ жылдар бойы Семей вокзалының бастығы болған, қала бойынша қоғам белсендісі Нағима Мойынбаева, теміржол саласының ардагері Бижамал Қалиқызы, бұрма бағыттаушысы болған Тұрсынғайша Багенова, байырғы вагон шаруашылығының бүгінгі ардагері Күләш Құдайбердіқызы сынды ардагерлер қауымы бар.

– Қазіргі күндері қала жастарымен қатар теміржолшылар арасында ұлттық құндылықтарды үзбей насихаттап жүр. Күні кешегі ата-бабалар мұрасы бүгінгі таңда ұмыт қалмаса екен деп тілейміз. Салт-дәстүрге берік, ұлттық әдет-ғұрыпты жақсы білетін, құрметтейтін ұл мен қыз тәрбиелеу – бүгінгі әжелер мектебінің басты мұраты, – дейді Семей ЖТ бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Асхат Жармұхамбетов.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті