Сыр еліндегі наурыз мейрамы кезінде спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды

Әлеумет
25.03.2022, 10:30
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Наурыз мерекесін сыр елінің теміржолшылары ақ таңға ақсарбас айтып, құрбан шалудан бастады. Қызылорда жол дистанциясының ауласында қазан-қазан ет пісіп, наурыз көже дайындалып жатты.

Ал Қызылорда локомотив пайдалану депосында сайыстың бірнеше түрінен жарыс ұйымдастырылып, көпшілік арқан тартыс, балуан күрес, асық ату сынды ұлттық өнерді ұлықтады. Магистральдық желі бөлімшесінің жеке шаруашылығында шахматтан жарыс өтті. Бөлімшенің солтүстігіндегі Сексеуіл жол дистанциясында, Қазалы вагон пайдалану депосында, Теміржол- су-Қызылорда мекемелерінде де мерекелік салтанатты шаралар мен түрлі сайыстар өтіп, жеңген де, жеңілген де сый-сияпатқа қарық болып жатты. Кәсіподақ ұйымы еңбек озаттарының марапатталуына мұрындық болды.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі жеке құрамының теміржолшылары жеті минуттық «блиц» форматындағы шахмат турнирін Көліккәсіподақтың 30 жылдығы мен Наурыз мерекесі құрметіне өткізді. Турдың жеңімпазы машинист-нұсқаушы Асылхан Құланбаев болды. Одан кейінгі жүлделі орынды машинист көмекшісі Нұрлан Есеналиев, үшінші орын жетекші инженер Еркебұлан Смай- ловтың қанжығасына байланып, барлығы да бағалы сыйлықтарға ие болды.

Енді бір топ жігіттер боз кілем үстінде қол күресінің көрігін қыз- дырып жатты. Одан кейін депо машинистерінің 6 колоннасынан алты құрам шығып, арқан тарту басталды. Қазалы мен Шиелі айналым деполарынан келген өкілдер кір тасын көтеру, балуан күресіне қатысып жүлде алды. Арқан тартудан 1-орын Нұрғалиевтің колоннасына, 2-орын Шамшиевтің, 3-орын Садықовтың батырларына бұйырды.

Жалпы Наурыз мерекесін жоғары көңіл күймен қарсы алған қызылордалық теміржолшылар арасында жүлдесіз қалғандар некен-саяқ болды. «Бәйге берем жығылған балуанға да, адалдығы сезіліп тұрар болса...» демекші, бейбіт елдің аспанына шашылған наурыз шуағын қарсы алған көпшіліктің дархан көңілі кемерінен асып төгіліп жатты...

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда