Жақында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының Алматы филиалы ұлттық компания стратегиясына ақпараттық технологияларды тарту және таныстыру бағытында семинар өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Семинар аясында командалар арасында тимбилдинг ұйымдастырылды. Қызметкерлердің командалық ауызбіршіліктерін арттырып, бойларындағы жаңа қырларын ашуға мүмкіндік берген шараға дирекцияның өңірлердегі бөлімшелерінен 70 қызметкер қатысты. Олар тимбилдингтен алған әсерлерімен бөлісті. Мысалы, Жамбылдан келген АСУ операторы Салтанат Кенжеғалиеваның айтуынша, ойын барысында ол әр өңірден келген әріптестерімен жақынырақ араласып, уақытын көңілді өткізген. Ал Защита станциясының 2-ші деңгейлі бөлім бастығы Азамат Бекпаев корпоративтік команда құраушы тимбилдинг өте жоғары деңгейде өткенін атап айтты.

«Болашақта осындай шаралар жиі өткізіледі деп санаймыз, соның арқасында компанияның ІТ блогының беделі мен деңгейі арта түсері сөзсіз. Оның үстіне болашақта теміржолдың барлық мамандықтары – спецификалық салалық білімнің симбиозы және ақпараттық технологиялар машығына айналады», – дейді ол.

Барлық аймақтардан келген теміржолшылар тимбилдинг барысында жақсы демалып, әрі семинардан мол тәжірибе жинақтады.

«Қатысушылардың кездесуі, семинарлар, спорттық жарыстардан бастағанда барлық шаралар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сала басшыларының баяндамаларында ұлттық компанияның ІТ даму стратегиясы жан-жақты түсіндірілді. Табиғат аясындағы тимбилдинг тек жақсы таныстық қана емес, таза ауада өткен сауықтыру шарасы ретінде де есте қалды», – дейді ІТ бизнес серіктес Ерғазы Жұмаділов.