Қызылорда теміржолшылары екі ай бойы тазалық акциясын өткізеді

Әлеумет
12.04.2022, 10:34
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда темір жолында «Birge.Taza Qazaqstan» атты екі айлық экологиялық акция жүріп жатыр. Тазалық айы шеңберінде апта сайын сенбілік өткізу теміржолшылар үшін үрдіске айналған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Өткен сенбіде Арғын Орымбаев басқаратын Қазалы вагон пайдалану депосының ұжымы жаппай сенбілікке шықты. Оған депоға қарасты Сексеуіл, Қазалы, Арал теңізі, Төретам, Жосалы, Қызылорда және Шиелі бекеттеріндегі техникалық қызмет көрсету қосындары да бір кісідей атсалысып, жұмыс алаңдары мен цехтарды тазалап, талапқа сай ретке келтірді. Олар өткен аптада мекеме аймағын күл-қоқыстан тазартса, бұл жолы ағаштар түбін қопсытып ақтап, су ағатын арықтарды ашты. Қураған ағаштар кесіліп, орнына жас көшеттер отырғызылды. Депоның инженерлік-техникалық құрамы өз жұмыс орындарына тазалық жұмыстарын жүргізіп, есік-терезелерді жуып, шаң-тозаңнан арылтты.

Кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Ибрайым «Birge.Taza Qazaqstan» екі айлық экологиялық акциясы аясында депо бойынша жаппай өткізілген сенбіліктер де осы уақытта тоқтамайтынын айтты. 

– "ҚТЖ-Жүк тасымалы" серіктестігінің "Батыс" филиалы Қазалы вагон пайдалану депосының барлық жұмысшы-қызметкерлері екі ай бойы сенбіліктер ұйымдастырып, тек жұмыс орнын, мекеменің іші-сырты мен ауласын таза ұстаумен шектелмей, жол бойы мен телімдердің айналасы да талапқа сай болып, экологиялық тазалық талаптарына сәйкестендіруге атсалысамыз, – дейді ұжым кәсіподағы төрағасы Бақытжан Ибрайым.



Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда