Тегін медициналық сақтандыру отбасы мүшелеріне де тиесілі

Әлеумет
27.04.2022, 09:20
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау локомотив депосында теміржолшыларды медициналық сақтандыру бойынша 670 адам аталған қызметті тегін алады. Соның нәтижесінде олардың отбасы мүшелерінің де бұл қызметке қол жеткізу мүмкіндігі бар, яғни, сақтандыру – отбасы мүшелеріне де тиесілі.

Сақтандыру шартына сәйкес медициналық қызметті алатындар екі санатқа бөлінеді. Олар екінші және төртінші санаттағы, яғни, жұмысшылар мен басшылық құрам. Депода екінші санатта 579, төртінші санатта 91 адам медициналық қызмет алуға тіркелген. Қазір отбасы мүшелерінен басқа теміржолшылар құрамы толықтай сақтандыру карточкаларын алған. Отбасы мүшелерінің полисі енді келетін көрінеді. Бірақ олар қажет болса келуін күтпей-ақ, жеке құжатымен барып, аталған мүмкіндікті пайдалануына болады.

– Екінші санаттағылардың отбасы мүшелерінен тек біреуі, төртінші категория- дағылардың жақындарынан екі адам тегін медициналық қызмет ала алады. Ол ата-анасы немесе балалары деген сияқты ет жақын жандары болуы керек. Бізде Маңғыстау және Бейнеу, Өзен айналым деполары мен Шетпе айналым пунктінде осы мәселе бойынша тіркеп отыратын арнайы адамдарымыз бар. Сақтандыру талаптарына байланысты медициналық мекемеде қызметтер ақысыз түрде жүргізіледі. Тек белгіленген лимитінен асып кетпесе болды. Бірақ қазірге дейін ешкім шағым айтып, лимитіміз жетпей қалды деген дау болған жоқ, – дейді Маңғыстау локомотив депосының кадр жөніндегі менеджері Серік Қошқарбаев.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл