Жамбылда жалғыз теміржолшы соғыс ардагері қалды

Әлеумет
06.05.2022, 14:10
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлы Отан соғысының ардагері Базарбай Бүрбаев туған жері Жамбылдан майданға аттанғанда он сегіз жасқа енді толған бозбала еді. Бұл 1942 жыл болатын. Жапониямен шекаралас Манчжурияда орналасқан миномет полкінің 393-ші әскери бөліміне түскен жас сарбаздың бес жылға созылған жауынгерлік өмірі осылай басталады.

Содан бері, міне, аттай 80 жыл өтіпті. Алла бұйыртса, қарт жауынгер 2022 жылдың 10 жел- тоқсанында 98 жасқа толмақ. Оның есімі Ұлы Отан соғысына қатысқан жамбылдық Отан қорғаушылардың құрметті жазбасы – «Ардагерлер» кітабына енгізілген. Онда миномет полкінің жауынгері Базарбай Бүрбаевтың Мукден іргесіндегі соғыста Харбин қаласын азат етуге, сондай-ақ, Хинган тау жотасында әскери іс-қимылдарға қатысқаны жазылған. Жас минометші маңызды да құпия операцияларға қатысып, жауынгерлік антына адалдықпен соғысқан. «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ерлігі мен қайсарлығы үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Кеңес жауынгерінің майдандағы жолы сол кездегі саяси жағдайларға байланысты Манчжурияда 1947 жылға дейін жалғасыпты. Қазақстанға оралған соң Жамбыл локомотив депосына жұмысқа орналасып, қырық жыл машинист болып жемісті еңбек етеді. «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталған абыройлы теміржолшы болды. Бүгінде Жамбылдағы жалғыз теміржолшы майдангер бес ұл, екі қызынан 11 немере, 4 шөбере көріп отыр. Ортаншы ұлы Қанаттың қамқорлығында отырған қария көзі көрмей, құлағы жөнді естімейтіні болмаса, ақыл-есі дұрыс, өздігінен жүріп-тұрады.

Базарбай атамыздың еліне, жеріне, Отанына тілейтін бір ғана тілегі бар. Ол – бейбітшілік. «Бүгінгі, ертеңгі ұрпақ соғысты көрмесін, зардабын сезбесін! Бейбіт өмірде елге, жерге қызмет етіп, тер төккеннен артық не бақыт бар?! Ұрпағымыз бақытты ғұмыр кешсін. Сонда мемлекет те өркендейді, халық та бақуатты күн кешеді», – дейді Манчжурия майданының қарт жауынгері.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті