Ғасырға жуық жасаған астаналық ардагер 77-ші жеңіс күнін көргелі отыр

Әлеумет
06.05.2022, 14:19
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ғасырға жуық жасаған Ұлы Отан соғысының санаулы ардагерлерінің бірі, елорда тұрғыны Жүнісбек Кәрімовтің есімі көпке таныс. Он сегіз жасында туған жері Ақмола облысының Қажымұқан ауылынан соғысқа аттанған ол – Берлинге дейін барған жеңіс жауынгері.

Биыл 96 жасқа келген ардагер 1944 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, үш айдай Алматыда соғысқа дай- ындықтан өткен соң майданға аттанып, кескілескен ұрысқа кіріп кете барады. 1945 жылы Берлин түбіндегі жан алып, жан беріскен қан майданға қатысып, кеңес әскері құрамында қалаға алғашқылар қатарында кіреді. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген рас сөз, менің маңдайыма жаратқан осынша қатал тағдырды жазса да, соның бәріне шыдауға төзім мен ұзақ ғұмыр беріпті. Кешегі сұрапыл соғыста жараланған кезде де аман қалып, осынша ғұмыр сүремін деп ойламадым. Келер ұрпақ мұндай соғысты көрмесін деп тілегімізді айтып жүреміз. Еліміздің жастары, бүгінгі ұрпақ сол соғыста көз жұмған батыр бабаларын ұмытпауы керек, себебі бұл – тарих, әрі халқымыздың Отан алдындағы адалдығы мен патриоттығы үлгі болуға тиіс» дейді Жүнісбек ата. 

Ардагер соғыстағы ерлігі үшін 1, 2 дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Маршал Жуков» және «Ерлігі үшін», т.б басқа да көптеген мерейтойлық медальдармен марпатталған. 

Соғыстан кейін авиациялық училищеге оқуға түсіп, Белоруссиядағы ұшақ жөндейтін зауытта инженер-электрші болып жұмыс істейді. Ардагерге тек 1951 жылы елге оралуға рұқсат етіледі. Ақмолаға келген соң 40 жылдан астам уақыт теміржол саласында еңбек етеді. Бүгінде елордада тұратын қария жасы ғасырға таяса да тың, сергек ойлы, газет-журнал оқиды. Бір- неше жыл бұрын жарты ғасыр серігі болған өмірлік қосағы дүниеден өткені қартты күйретіп кеткені рас, жалғыздығы жанына батса да тағдырына налыған емес, келер ұрпаққа ғибрат айтып, батасын беріп ғұмыр кешуде.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті