Сыр елінің теміржолшылары соғыс ардагеріне сый-сияпат көрсетті

Әлеумет
06.05.2022, 14:40
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордалықтар үшін Любовь Сергеевна Колесник «Люба әжей» атанғалы қай заман. Соғысқа осы қаладан аттанған әжеміздің туған жері де алыс емес, мынау тұрған Арыс қаласы.

  1925 жылы Түркістан облысының Арыс қаласында әскери қызметкерлер отбасында дүниеге келген Любовь Сергеевна соғыс басталғанда Қызылорда медициналық техникумында оқып жүрген жас қыз екен. 1941 жылы отбасымен Сыр еліне қо- ныс аударған. Дәрігерлік мамандық алған Люба әжей бір топ құрбыларымен соғысқа аттанып, 1-ші Белоруссия майданы құрамында Германияға дейін ба- рады. Дала госпиталінде жараланған жауынгерлерге дәрігерлік көмек көрсетіп, талай сарбазды жаңбырдай жауып тұрған оқ арасынан алып шығып, ажалдан арашалап қалады. 

1945 жылы көктемде неміс фашистерінің мұздай қаруланған әскерінің күл-талқанын шығарған кеңес одағының жеңімпаз жауынгері болып жеңісті Германияның Ной-Репен қалашығындағы шағын дәрігерлік пунктте (санчасть) қарсы алған. Көп ұзамай кеудесі орден-медальға толы медицина саласының запастағы капитаны жеңіспен елге оралады. Қызылорда паровоз депосының медпунктіне фельдшер болып орналасып, зейнет жасына жеткенше жұмыс жасайды. Биылғы жеңістің 77 жылдық мерекесі қарсаңында 97 жасқа толғалы отырған ардагер қазіргі таңда көп қабатты үйдегі екі бөлмелі пәтерде 71 жастағы қызы Татьянамен бірге тұрады. 

Кеше аймақ теміржолының ардагерін Қызылорда жол дистанциясының ұжымы атынан кәсіподақ ұйымы төрайымы Ғалия Ноғайбаева мен кадр бөлімінің маманы Назым Нәрікбаева жеңіс мерекесімен құттықтай барып, құшағын гүлге толтырып, азық-түлік себетіне қоса қаржылай қаражат табыс- тады. 

– Әуе шабуылы кезінде жаралылардың жанынан табылып, оларды тыныштандыруға тырысатынбыз. Өзіміз қорқып тұрсақ та жауынгерлерге сездірмеуге тырысамыз. Кейде үмітсіз жағдайдағы жауынгерді жұбатарға сөз таппай, айнала бере жылап алатынбыз. Дала госпиталі жеңіл жаралыларға арналғанмен, кейде ауыр жараланған жауынгерлер де жатқызылатын. Тәулік бойы жұмыс жасайтын дәрігерлер құрамы оларды кезекпен күтіп, соңымыздан келетін санитарлық пойызға тиеп жіберетінбіз, қаншасы жолда өлетін, – дейді қанқұйлы соғыс сұмдығын есіне алған майдангер. 

– Қазір саусақпен санарлықтай сиреп қалған ардагерлер – тарихтың тірі куәгерлері. Олар Отанды жаудан қорғап қана қойған жоқ, соғыстан кейін елдің іргесін көтеруге атсалысты, аймақ теміржолының өркендеуіне үлес қосты. Солардың бірі – біздің Люба әжей. Оларды қалай құрметтесек те жарасады, – деді кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда