Бейнеулік жолшылар төсек жиынтығымен қамтылды

Әлеумет
09.05.2022, 14:40
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылардың санитарлық-тұрмыстық және еңбек жағдайын жақсарту мақсатында Бейнеу жол дистанциясына Қазақстан теміржолшылары кәсіподағының атынан 80 жиынтық төсек жабдығы жеткізілді.

  Отыз жылдық мерейтойына орай кәсіподақтың өз мүшелеріне жасаған тартуы дистанцияның шалғайдан қатынап жұмыс істейтін жұмысшылары үшін жағымды жаңалық болды. Бейнеу жол дистанциясының кәсіподақ төрағасы Мұстафа Қожбановтың айтуынша, мұндай хабарды естіген дистанциялықтар дән риза. Себебі, Бейнеу-Тассай теміржол желісі іске қосылғалы жолдың алыстығына орай ары-бері қатынамай, жұмыс орнында апталап қалатын теміржолшылар көп. Сондықтан олар мақта салып сырып тіккен қалың матрас, көрпе-жастық, қаптайтын сейсептерімен су жаңа төсек жабдықтарына ие болып, қуанып жатыр. 

– Салалық орталық кәсіподақ тарапынан беріліп жатқан мұндай көмекке алғысымыз зор. Өңірімізге әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия келгенде құрамында Сала кәсіподағы төрағасы Оразғали Ахметбаевтің орынбасары Жұпарбек Сәбитов болған еді. Мекемеден 2015 жылдары берілген, ескіріп тозығы жеткен, санитарлық талаптарға жауап бермейтін төсек-орын жабдықтарын көріп, тиісті жерлерге жеткізген екен. Міне, Еңбек қорғау күні қарсаңында осындай тарту алып отырмыз. Бұған себепші болған барлық азаматқа, ұйым төрағасына көп рахмет! Енді бұл жабдықтарды жұмысшыларға үлестіреміз. Дистанциядан бірталай адам Бейнеу-Тассай аралығында салынған тұрғын үйлерде жатып жұмыс істейді. Соларға және бекеттерде қойылған модульдерде апта бойы тұрып жұмыс істейтіндерге алдымен таратылады. Жалпы, дистанция қажетін түгел қамтуға толық жетеді, – дейді Бейнеу жол дистанциясының кәсіподақ төрағасы Мұстафа Қожбанов. 

Айтуынша, өткен жылы да Ақтөбедегі материалдық базадан төсек-орын жабдықтары берілген. Бірақ жасанды синтепон толтырылған төсектер тұрақты қолдануға бірқатар ыңғайсыздық тудырған. Дегенмен оларды да жол бойындағы жолшылар үйшігі, өткел кезекшісінің будкасы секілді орындарға таратып, қолданып жатқан көрінеді.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл