Ақтауда көлік колледжінің студенттері сала ардагерлімен кездесті

Әлеумет
17.05.2022, 12:00
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ақтау көлік колледжінде «Аталар жолымен, ағалар ізімен» атты тақырыпта тағлымдық іс-шара өтті. 12 мамыр – М.Тынышпаевтың туған күніне орай даңқты теміржолшылар әулетімен кездесу және студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды.

Кәсіптік бағдар бере отырып мамандықты дәріптеуге арналған шараның қадірлі қонақтары өңірге танымал, түбек теміржолына еңбегі сіңген теміржолшы әулеттердің өкілдері болды. Бұл әсіресе кәсіптік білім алып жатқанмен ертеңіне күмәнмен қарайтын, болашақ мамандығының маңызын жете ұғына қоймаған студент жастар үшін танымдық, тағлымдық һәм тәрбиелік мәні зор шара болғаны анық. 

– Колледж табалдырығын аттаған кешегі оқушы, бүгінгі студенттерді «Қандай мамандықты таңдадым?» немесе «Мамандығым бойынша болашақта қандай жетістікке жете алам?» деген ойлар мазалайтыны жасырын емес. Сондықтан студенттеріміздің таңдаған мамандығы, оның қоғамдағы орны, жетістікке жету жолдары туралы білімін кеңейтіп, бағдар берген бұл басқосу екі буынның диалогы ретінде өтті десек те болғандай. Аға буынның саладағы қызметімен кәсіпке адалдығы, жеткен жетістігі жас буынға ерекше әсер етіп, болашақтарына сенім ұялатқанына куә болдық, – дейді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Кезбаева.

 Студенттермен кездесуге түбек темір жолына еңбегі сіңген құрметті теміржолшы ардагерлер Табылды Әміров, теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амандық Алдабергенов, Маңғыстау қосалқы бөлімінің бастығы, облыстық мәслихат депутаты Нәжімеден Ғұбашов, Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Маңғыстау өңірі бойынша бас ревизоры Болат Дүйсәлиев, Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Кенғали Асқанбаев келді. 

Сондай-ақ, осы колледждің оқытушысы Марат Ағатай мен директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ақжігіт Ахмедов те бұрынғы теміржолшылар қатарынан. Студенттер қонақтарды қошеметпен қарсы алып, үлкен құрмет көрсетті. Олардың естеліктерін тыңдап, түбек теміржолының кешегі-бүгінгі тарихынан мол мағлұмат алды. 

Кездесу М.Тынышпаевтың 143 жылдығына арналған конференцияға ұласты.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл