Ақтөбеде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Әлеумет
24.05.2022, 10:11
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Ақтөбе локомотив пайдалану депосында қауіпсіздік акциясын өткізді. Соның аясында теміржолшылар мектеп оқушыларымен және өткелдер бойындағы жолаушылармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Стратегиялық аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету – теміржолшылар жұмысындағы аса маңызды да басымды бағыт. Әр аптаның 7 күн, 24 сағатын теміржол бойындағы қауіпсіздікке арнайтын теміржолшылардың еңбегін еш, тірлігін зая қылатын жайттар, өкінішке орай, жоқ емес. Оған себеп – пойыздардың қозғалысына кедергі келтіріп, өз өмірлеріне қауіп төндіретін жандардың бейғамдығы. 

Ақтөбе локомотив пайдалану депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторы меңгерушісі міндетін атқарушы Қайрат Данияров бастаған топ қаладағы №22, 42 мектептерге барып, оқушылармен қауіпсіздік сабағын өткізді. Локомотившілермен бірге топ құрамындағы әскерилендірген күзет қызметі, желілік полиция қызметкерлері балаларға теміржол маңында ойнаудың қандай қауіпті екенін түрлі мысалдармен түсіндірді. Сақтық ережелері жазылған брошюралар таратылды. 

«Балалардың жазғы каникулы жақындап келеді. Әрине мұндай кезде теміржол маңында орналасқан елді мекендердің бала-шағасы үлкен қауіп тудыратыны жасырын емес. Шағын ауылда стадион, ойын алаңы жоқ, балалар теміржол маңына ойнайды. Ешкім мені пойыз басып кетеді деп ойламайды. Оқыс оқиғалар басқа елде, басқа біреулермен болып жатқандай қабылдайтындар ертең өздері де сондай оқиғаға ұрынып қалатындарын ойламайды», – деген Қайрат Данияров балаларға қарата: «Тек қана қауіпсіздік, тек қана қауіпсіздік сенің қорғаның екенін естен шығармаңдар!» деп тағы да ескертті. 

Түсіндіру тобы теміржол өткелдеріне де барды. Жаяу жүргіншілерге жолдан өтер алдында радио хабарландыруларға құлақ асу керектігі түсіндірілді. Бекітілген ереже мен талапқа бағынбайтындар қандай әкімшілік жазаға тартылатыны да ескертілді.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды