«Нұрлы жол» вокзалынан жолға шыққан кішкентай жолаушылар сыйлықтар алды

Әлеумет / Бейнелер
02.06.2022, 17:10
Оқуға 1 мин
Фото: Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Нұрлы жол» вокзалынан жолға шыққан кішкентай жолаушыларға арнайы сыйлықтар үлестірді. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжановтың өзі әр балаға сурет салуға арналған құралдар мен тәттілер салынған қорап сыйлады. 

Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай сыйлық қорапшалары жол бойында келесі станциялардан мінген балаларға да үлестірілген. Мереке күні кешкі сағат 18.50-де жолға шыққан «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Алматы» пойызындағы жолаушылардың ішінде 20 шақты бала болған. Дегенмен Алматыға жеткенге дейін жолдағы станциялардан мінетін балалар саны одан да көп болды. Сонымен аталған компания мереке күні 19 жолаушы пойызындағы жолаушы балаларға 500-ден астам сыйлық таратқан. 

– Сыйлықтарыңызға көп рахмет. Мен үшін күтпеген тосынсый болды. Енді жолда ішім пыспайды. Барғанша сурет салуды ермек қыламын, – дейді 8 жасар Арсен. 

Тағы бір айта кетерлігі, бірқатар пойыздардың вагон-мейрамханаларын жалға алған кәсіпкерлер де бұл күні вагон ішін безендіріп, дастархан мәзірін де балаларға ыңғайлы етіп жасақтаған. Осылайша балалар жылындағы балалар күні жылдағыдан ерекше болып өтуіне теміржолшылар өз үлестерін қосуда.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды