Қызылорда теміржолшылардың балалары мерекені ойын-сауық орталығында өткізді

Әлеумет
02.06.2022, 13:00
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Түркістан мен Сексеуіл станциялары арасындағы теміржолшылардың балалары «Пумбо» ойын-сауық орталығында қызыққа толы демалыс күнін өткізді. Жалпы аймақтағы теміржол мекемелері кәсіподақ ұйымымен бірлесіп балалардың мерекесін жыл сайын жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл жолы да бүлдіршіндер қызық пен қуанышқа кенелді.  

– Балаларды қорғау күні қарсаңында шалғайдағы станция мен бекеттерде жұмыс істейтін теміржолшылардың балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін оларға жақындау орталықтарға – Шиелі, Жаңақорған, Жалағаш станцияларына, Қызылорда қаласына жинап, мұражайларға саяхат жасаттық. Бүгін қаладағы «Пумбо» ойын-сауық орталығына балалардың ата-аналарымен келдік. Орталықта тәжірибелі аниматорлар балаларға әртүрлі конкурстар мен шоу ұйымдастырып, балалар қуанышын еселей түсті, – дейді Магистральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ төрайымы Ажар Ерманова. 

Қызылорда жол дистанциясының басшылығы мен кәсіподақ ұйымы балаларға тәттіден себеттер тарту етіп қуантса, Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының басшылығы мен кәсіподақ ұйымы теміржолшылардың мектеп жасындағы балаларына Қызылорда локомотив пайдалану депосының мұражайын, Облыстық филармонияда өнерпаздардың балаларға арнаған анимациялық қойылымдарын тамашалатты.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда