Семейдегі теміржолшылардың балалары мерекеге орай театрда ертегі тамашалады

Әлеумет
02.06.2022, 13:14
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы бөлімшесі мен салалық кәсіподақ ұйымы ерекше шара ұйымдастырды. Барша теміржолшылардың балалары Абай театрында ертегі тамашалады. 

Мұндай шара алғаш рет өткізіліп отырғандықтан балақайлардың қуанышында шек болған жоқ. Тағылымдық тәрбиелік мәні зор ертегі қойылымында олар анасын ренжітіп, ертегілер елінде адасып кеткен «тентек көжекке» жандары ашып, сиқырлы әлемді бірге шарлағандай күй кешті. 

Ал, спектакль аяқталған соң балдырғандарды театр фойесінде тәттілер мен мерекелік сыйлықтар күтіп тұрды. Ойыншық гүл мен шоколад ұсынған кәсіподақ белсенділері балалар мен олардың ата-аналарының алғыстарына кенелді. 

Дәл осындай мерекелік шаралар Аягөз және Шар станцияларының балаларына да ұйымдастырылды. Орталық алаңға жиналған бүлдіршіндер ән мен биді тамашалап, асфальтқа сурет салып, өзара сынға түсті. Тәтті сыйлықтар алды.

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады