Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі балаларды қорғау күніне орай көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге сыйлықтар жасады. 

Мысалы, Бершүгір жол дистанциясының ұжымы көп балалы отбасылардың 192 баласына сыйлықтар таратып, мүгедек бала тәрбиелеп отырған үш отбасына ауқымды сый-сияпат берген. 

Балалар мерекесінде түрлі мәдени шаралар да ұйымдастырылып, кейбір мекемелер сурет салу байқауын ұйымдастырды. Жүлделі орынға ие балаларға түрлі сыйлықтар, ал конкурсқа қатысқан барлық балаларға тәттілер таратылды.