Даңқты теміржолшылардың жәдігерлері Аягөз мұражайына тапсырылды

Әлеумет
17.06.2022, 11:52
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Аягөз станциясы – теміржол саласының даңқты өкілдері, әсіресе локомотив шаруашылығы бойынша әйгілі династиялар шыққан өңір. Сондықтан да болар, бүгінгі таңда Аягөзде аймақтың мақтаныштары саналатын еңбек ерлерін есте сақтау мақсатында көптеген игілікті шаралар жиі ұйымдастырылады.

Есімдері тек Аягөзге ғана емес, күллі республикаға танымал әйгілі Тоқсанғазиндер әулеті жайлы жәдігерлер мен мол мұрағат деректері Аягөздегі облыстық өлкетану музейінің филиалындағы көрмеден, ондағы «Ұлылар мекені – Аягөз» атты экспозициялық бөлімінің төрінен орын алған. Онда «Құрметті теміржолшы», атақты машинист, білікті инструктор болған теміржолшы Жұмағазы Тоқсанғазин бастаған династия өкілдері жайлы мол мағлұмат берілген.

Жуырда аталмыш мұражайға теміржол ардагерінің ұлдары Сұлтан мен Болат Тоқсанғазиндер арнайы түрде ат басын бұрды. Олар музей қорына өмір жолдары теміржолмен біте қайнасқан Тоқсанғазиндер әулетінің белді мүшесі, ұзақ жылдар бойы Семей ЖТ бөлімшесінің бас ревизоры болған «Құрметті теміржолшы» Сайлау Түсіпұлының қызметтік формасын, медальдарын салтанатты түрде тарту етті. Сонымен қатар, әйгілі династия мүшелері өз туыстары Сайлау Юсуповтың ғұмыры мен еңбегінен сыр шертетін, белгілі қаламгер Жұматай Оспанұлының «Теміржолдан басталған өмір жолы» атты кітабын да сыйға берді.

Әр жылдарда «Локомотив» АҚ атқарушы директоры, Матай станциясындағы локомотив шаруа- шылығының басшысы сынды түрлі лауазымды қызметтерді абыроймен атқарған Сайлау Түсіпұлының есімі өмірден өтсе де, өлмейтұғын із қалдырған аягөздік даңқты теміржолшылар тізімін осылайша толықтырды.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті