Медпойыз Тұманды тұрғындарының денсаулығын тексерді

Әлеумет
17.06.2022, 12:01
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Жәрдем» емдеу-диагностикалық пойызы Атырау өңіріндегі алғашқы жұмыс күнін үш жүзден астам тұрғыны бар шағын разъезд Тұманды бекетінен бастады.

Ауыл тұрғындарының ішінде тегін медициналық тексеруден өтуге ынта білдіргендер көп. Солардың бірі – станция кезекшісі Жомарт Өтепов темір жолда 42 жылдан бері еңбек етіп келеді. «Бұрыннан «Жәрдем» пойызы келгенде тексеріс- тен өтіп алуға, білікті мамандарға қаралып, денсаулығымызды түзеп алуға тырысамыз. Мамандардың барлығы бір пойыздың ішінде. Менің қан қысымым көтеріліп, соны өлшетіп отырмын, содан соң терапевтке барамын. Пойыздың нақ осы бекетке келгені қандай жақсы болды. Жұмысбасты боп дәрігерге қаралуға уақытымыз бола бермейді», – дейді ол.

Пойыздың станция басында ыңғайлы жерге қойылып, жан-жақты ем жүргізуіне, ауыз су, электр желісі, тағысын тағы қажетті дүниелермен жабдықталуына жағдай жасау мақсатында Атырау жол дистанциясы директорының орынбасары Хамидолла Ғарипов арнайы келіп, теміржолшылармен бірге көмек қолын созды.

– Тұманды бекетінде дәрігерлер халықты таңғы 9-дан бастап кешкі 18.00-ге дейін қабылдап жатыр. Бірінші күннің өзінде елуден астам тұрғын келіп тексеруден өтті. Негізінен жергілікті тұрғындарда қан қысымының жоғарылауы, буын аурулары жиірек ұшырайды, сондай-ақ ішек құрылысы, көз көру нашарлығы, жүрек аурулары да бар, – дейді бас дәрігер Айнұр Егінбаева.

Атырауға маусымның 13-інде келген медициналық пойыз аймақта осы айдың аяғына дейін болады. Тұманды бекетінен кейін, 14-15-сі Аққыстау, 16-17-і – Нарын, 18-і – Исатай, 20-сы – Афанасьево, 22-сі – Ганюшкино, 25-26 – Жамансор, 27-28 – Мұқыр станциясының тұрғындарын қабылдайды.

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты