Теміржолшылар құрметіне мемориалдық ескерткіш тақта қойылды

Әлеумет
15.07.2022, 11:29
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Саналы ғұмырын отандық теміржол саласының дамуына арнаған Мурзалиновтар әулетін ақтөбелік теміржолшылар жақсы біледі. Қотыртас станциясын 41 жыл басқарған әкелі-балалы теміржолшылар құрметіне мемориалдық ескерткіш тақта қойылды.

Қос теміржолшы – Нұрмұханбет Мурзалинов пен Садық Мурзалиновке арналған мәрмәр тақта Қотыртас станциясы ғимаратының қабырғасына ілінді. Қарапайым жұмысшыдан басшылық лауазымға дейін көтерілген әкелі-балалы Мур- залиновтар 1944-1990 жылдар аралығында Қотыртас станциясына басшылық етіп, оның дамуына өлшеусіз үлес қосқан.

Нұрмұханбет Мурзалинов 1903 жылы қазіргі Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келіп, еңбек жолын 18 жасында сол кездерде Орынбор теміржолына қарасты №59 разъезде жұмысшы болып бастаған. Төрт жылдан соң №6 жол учаскесінің 57-околоткасына жол жөндеу- ші болып ауысады. Тәжірибе жинақтай келе бағыттаушы, станция кезекшісі қызметтерін атқарады. Теміржол көлігін дамытудағы ерен еңбегі еленіп, 1935-1944 жылдар аралығында Нұрмұханбет Мурзалинов бірнеше рет марапатқа ие болады және пойыздар қозғалысын ұйымдастырудағы шеберлігі мен міндеттемесін асыра орындағаны үшін оған алғыс жарияланады. Ал 1944 жылдың тамызында өзі қызмет атқарып жүрген Қотыртас станциясының бастығы болып тағайындалып, сұрапыл соғыс жылдарында аянбай еңбек еткен теміржолшы «Ленин» орденімен марапатталған.

«Әке көрген оқ жонар» демекші, Садық Мур- залинов та еңбекке 16 жасынан араласып, 1944 жылы Қотыртас станциясына бағыттаушы болып жұмысқа алынады. Соғыстан кейін ұзақ жыл станция кезекшісі қызметін атқарып, 1969 жылдың қыркүйегінен 1990 жылдың шілдесіне дейін Қотыртас станциясын басқарып, зейнеткерлікке шығады.

Жалпы Мурзалиновтар әулетінің еңбек өтілі – 350 жыл. Кейінгі ұрпақтары да атакәсіпті жалғап, бүгінде теміржолдың әр саласында тер төгіп жүр.

«Атамыз бен әкеміздің даңқты еңбек жолы – біздер үшін мақтаныш. Теміржол саласының тұрақты дамуына қосқан көп жылғы елеулі үлес- тері және мінсіз де адал еңбектері үшін 2015 жылы Мырзалиновтар әулетіне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президентінің алғыс хаты берілді. Бұл – біздің әулетіміз үшін үлкен абырой», – дейді Ілияс Садықұлы.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды