Өскелең ұрпаққа қамқорлық

Әлеумет
02.08.2022, 13:15
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан темір жолы өз қызметкерлеріне ғана емес, олардың балаларына да қамқорлық танытуды бұлжымайтын қағидаға айналдырған. Балалардың демалысы мен денсаулығына, олардың дамуына бей-жай қарамайтын ұлттық компанияда осы бағытта түрлі әлеуметтік жобалар мен бағдарламалар бар.

Мәселен, Компания «Қазкөліккәсіп» ҚБ-мен арадағы ұжымдық шарт негізінде жыл сайын жазғы лагерьлерге теміржолшылардың 7-13 жас аралығындағы балалары үшін жолдама сатып алады. Баланың ата-анасы жолдама құнының 10 пайызын ғана төлеп, қалғанын компания көтереді. Бұл дәстүр екі жыл пандемия кезінде ғана тоқтағаны болмаса, кеңес кезінен жалғасып келеді. Мысалы, биыл да теміржолшылардың 7 мыңдай баласы Ақмола, Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында орналасқан «Звездный континент», «Самұрық», «Болашақ», «Спутник», «Машат», «Рауан», «Шұғыла» сауықтыру лагерлерінде демалуда.

«Өскелең ұрпаққа қамқорлық жасау – компанияның әлеуметтік саясатының ең басты бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда теміржолшылардың 140 мыңға жуық балалары түрлі әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз етілген. Биыл Балалар жылында көп балалы отбасылардан шыққан балаларға шахмат үйрету қолға алынды. Сонымен қатар ерекше балаларды ІТ технологиялар бойынша оқытуды көздеп отырмыз, – дейді компанияның әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова.

Халықаралық балаларды қорғау күні, Жаңа жыл қарсаңында теміржолшылардың бірде-бір баласы назардан тыс қалмай, мерекелік шараларға қатысып, сыйлықтарға кенеледі. «Балауса болашақ» сурет байқауы жыл сайын ұйымдастырылып, нәтижесінде үздік сурет авторлары арнайы диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бір айта кетерлігі, бұл байқау әр жылда әр түрлі тақырыпқа арналады. Мысалы, 2020 жылы Түрксіб теміржолының 90 жылдығына орай байқау тақырыбы «Түрксіб – балалар көзімен» деп аталып, оған 7-14 жас аралығындағы теміржолшылар балалары онлайн қатысты. Ал 2019 жылы бұл байқауда 5-7 жас аралығындағы балалар еркін тақырыпта, 8-11 жастағылар «Қазақстан темір жолына – 115 жыл», ал 12-14 жастағылар «Еңбек қауіпсіздігі – балалар көзімен» деген тақырыптарда сурет салды. «Балау- са болашақ» байқауы биыл ҚТЖ-ның 25 жылдығына арналды. Кейбір бөлімшелерде қауіпсіздік айлығы аясында сурет байқауы «Қауіпсіздік политрасы» деген атпен ұйымдастырылуда.

Пандемияға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ұйымдастыруымен «Туған елге саяхат» жобасы бірнеше жыл қатарынан жүзеге асырылды. 12 мен 15 жас аралығындағы балалар жазғы демалыста он күндей Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Алакөл – Астана бағыты бойынша пойызбен саяхатқа шықты. Балалар жылы мен Кәсіподақтың 30 жылдығы шеңберінде биыл елордада компания қызметкерлерінің балаларына арналған экскурсиялық тур өтті.

1 қыркүйек Білім күні қарсаңында теміржолшылар «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысады. Кәсіподақ комитетінің өңірлердегі филиалдары тек теміржолшылар балаларына ғана емес, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар балаларына мектеп формасы мен оқу құралдарын алып беріп, көмек көрсетеді. Кейбір шалғай бекеттерде мектептің жоқтығына немесе қашықтығына байланысты теміржолшылардың балаларын тасуды да міндетіне алған филиалдар бар.

Ұлттық компания мен «Қазкөліккәсіп» ҚБ арасындағы Ұжымдық шарт аясында көп балалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға және жетім балаларға басқа да түрлі жеңілдіктер мен жәрдемақылар қарастырылған.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті