Теміржолшылар жемқорлық мәселесін талқылады

Әлеумет
16.08.2022, 10:09
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда темір жолында «Aманат» партиясы Теміржол филиалының ұйымдастыруымен «Жемқорлықты қалай жеңеміз?» деген тақырыпта кеңейтілген жиын өтті.

Жиынға Қызылорда теміржол бөлімшесіне қарасты мекемелердің басшылары, БПҰ төрағалары, белсенді партия мүшелері мен теміржолшылар қатысты.  

Партияның Теміржол филиалының атқарушы хатшысы Базара Танбаева жиынның мақсатымен таныстырып, теміржолшылар үшін жемқорлықпен күрес ең басты міндеттердің бірі екеніне тоқталды. Магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Ибраким Басықараев, Жүк тасымалы қосалқы бөлімінің бас инженері Күлхан Белкібаев сөз алып, жемқорлыққа қарсы ҚТЖ басшылығы тарапынан берілген тапсырмалармен таныстырып, жағымсыз құбылысқа қарсы күресте бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.  

Жиынға арнайы шақырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Мұрат Ысқақов, Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімінің полиция майоры Бағдат Маханов осы бағытта құқық қорғау органдарының жасап жатқан жұмыстарын ортаға салды. Сонымен қатар қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстарын туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  

Теміржолшылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жиында сөз алғандар әрбір адам оны өзінен бастап, кез келген құқықбұзушылыққа қарсы тұрып, оны болдырмауға тырысса, жемқорлық деген жегі құртты жеңуге болады деген қорытынды жасады.  

 

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады