Биыл пойыздардың терезесіне тас лақтырудың 26 жағдайы тіркелді

Әлеумет
26.08.2022, 09:25
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2022-2024 жылдарға Қазақстан Республикасы темір жолдарында мүліктердің қауіпсіздігі мен сақталуы деңгейін арттыру бойынша Жол картасының орындалу нәтижелерін саралаған кезекті жиын өтті.

 Оған ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Жол картасында Шиелі және Шу станцияларындағы перрондарда тағамдарды бей-берекет түрде сатуды реттеу шаралары қарастырылған. Компанияның қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов бұл мәселені әкімдік және желілік тәртіп сақшыларымен бірлесе шешу қажеттілігін айтты. ҚТЖ кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасап, перрондарда сауда дүңгіршектерімен бірге бос алаңдар бөлуге дайын.  

Отырыс барысында теміржолшылар құқық қорғау органдары өкілдерінен станциялардан өтіп бара жатқан жолаушылар пойыздарының терезелеріне тас лақтырып, бұзақылық жасайтын жасөспірімдердің әрекетіне тосқауыл қоюды өтінді. Жыл басынан бері осындай 26 жағдай орын алған. Ал 2018 жылдан бері сондай 260 факті тіркелген.  

Жол картасы шеңберінде жолаушылар вагондарында, вагон-мейрамханаларда, вагон-барларда бейнекамералар орнатылуда. Бұл бейнекамералар полиция мониторына шығып отырады. Сонымен қатар тасымалданатын жүктерді дұрыс сақтау үшін бейнебақылау камералары кейбір теміржол станцияларында орнатылған. Теміржолшылар мен тәртіп сақшылары мұндай шаралар қылмыстар санын азайтуға септік етеді деп сенеді.  

Темір жолда автокөліктер мен локомотивтердің соғысуы, адамдарды басып кетумен байланысты қайғылы оқиғаларды тіркеу үшін локомотивтерде бейне тіркегіш орнатылып жатыр. ҚТЖ өз күшімен темір жолда қараусыз қалған малдың, адамдардың жолға шығып кетуіне қарсы қоршаулар салуда. Осы ретте 26 станция мен жалпы ұзындығы 209 км болатын 2 перегонға қоршау салынды. Тағы 103 км жолды қоршау бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті