Үш облыстың тұрғындарына медициналық пойыздар қызмет көрсетеді

Әлеумет
12.09.2022, 10:09

Жылдың соңына дейін Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындарына медициналық пойыздар қызмет көрсетеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Шалғай ауылдардың халқына медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін жылжымалы көлік медицинасы ұйымдастырылды. Республикада диагностикалық қызметтер мен мамандардың кең бейінімен қамтылған 149 жылжымалы медицина кешені жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырғанда жылжымалы медициналық көмек қызметтері екі есе артты. Осы жылдың 8 айында көшпелі медицина 2 200-ден астам елді мекенді аралады, 1,1 млн астам ауыл халқы қамтылды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, осы жылдың 23 мамырынан бері «Жәрдем» пойызы, ал 20 маусымнан бастап «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты.

Олар 147 станса мен ауыл халқына медициналық қызмет көрсетті.

Қазіргі уақытта Атырау, Ақтөбе, Алматы, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау облыстарындағы 80-нен астам станса, 38 мыңнан астам ауыл халқына, оның ішінде 9 мың балаға медициналық пойыздар бірқатар медициналық қызмет көрсетіп үлгерді.

«Осы жылдың соңына дейін Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары медициналық пойыздармен қамтылады», - деді Ажар Ғиният.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл