Қызылордалық теміржолшылар қарттар күнін ерекше атап өтті

Әлеумет
04.10.2022, 14:47
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«Қарты бар үйдің қазынасы барын» еске ұстайтын сыр елінің теміржолшылары қарттар күнін ерекше форматта атап өтті. Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен шеберхана ауласына шатыр тігіліп, зейнеттегі ардагерлерді шақырып, құрмет көрсетті.  

Шатыр астындағы кездесуде бір-бірімен дидарласқан қариялар жас ұрпаққа насихат ретінде өткен жылдардан естелік шертті. Осы ұжымда жұмыс жасап өмірден өткен әріптестерін еске алып, рухына құран бағыштады. Ардагерлердің сүбелі сөзін тыңдаған жастар жағы оларды бүгінгі жетістіктермен таныстыруды да ұмытпады. «Ол кезде жұмыстың барлығы қолмен атқарылатын, жұмысым қиын деп ешкімнің шағымданғанын көрмедік, байланыс желілерін шойын жолды қапталдай қолмен қазып орнататынбыз. Бүгінгідей жұмыстың бәрі бір ғана тетік-пультпен, барлық жұмыс заманауи техникалармен басқарылатын заманды армандаған да жоқпыз» десті ардагерлер бүгінгі техникалық жетістіктерге тамсанып.  

Күні кешеге дейін осы дистанцияны ұзақ жыл басқарған Әкімжан Қосановтың зайыбы Гүлсім мен ұлы Роман кешегі ауыр күндерде қара жамылған отбасына қолдау білдірген ұжымға арнайы алғыс айтып, ардагерлерге сый-сияпат жасады.  

– Зейнеткерлер өткенді еске алып, дистанцияның ғасырлық тарихына шолу жасағандай болды. Керемет әсер алдық, қарттарымыз аман болып ортамызда жүре берсін, – деді кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қожахметова.  

Шара барысында зейнет жасына жеткен Қосымбай Асқаровты құрметті еңбек демалысына шығарып салудың ерекше рәсімі өтті. Дистанцияда электромеханик болып жұмыс жасаған Қосымбай аға ортаға шығып, әріптестеріне алғысын айтып, байланыс желілеріндегі, рельс тізбектеріндегі кернеуді өлшейтін ИПТ-3 құралын өзінің жолын жалғастырып келе жатқан баласы Бауыржан Асқаровқа тапсырды. Ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі осы емес пе?!

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда