Қарттарға құрмет көрсетілді

Әлеумет
04.10.2022, 14:51
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолының басшылығы мен кәсіподақ ұйымы қарттар күніне орай қарияларға көңілді кеш сыйлады. Маңғыстау станциясындағы салтанатты мейрамханада жайылған мерекелік дастарханға 250-ге жуық зейнеткер арнайы шақырылды.

Маңғыстау қосалқы бөлімінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Мұхтар Бақтыгереев, Орталық теміржолшылар кәсіби одағының өңірдегі өкілі Әзірбай Тұрмағанбетов жиылғандарға құттықтау тілегін арнап, ардагерлердің әрбірінің түбек теміржолының дамуына қосқан ерекше үлесін атап, алғыстарын білдірді.  

Қарияларымыз басынан өткен тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі буынның жұмысына сәттілік тіледі. Осындай мүмкіндік сыйлап жатқан жандарға шексіз ризашылығын білдірді. Естеліктерден сыр тарқатып, өткен күндерді еске алды. Мысалы, Жаңаөзеннен келген Мұрат Сәриев 1970 жылы Ташкенттегі теміржол институтын бітіріп, Батыс өңіріне жолдамамен келіпті. Кезінде Өзен станциясының басшысы қызметінен зейнетке шыққан қарияның ұлы Самат Сәриев те бүгінде Өзен станциясын басқарады екен. Меймандар қатарынан сөз алған теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амандық Алдабергенов те замандастарына жүрекжарды тілегін жеткізді. Әсем ән мен тәтті күй кеш ажарын аша түсті.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл