Теміржолшы қарияға құрмет көрсетілді

Әлеумет
07.10.2022, 11:12
Суретті түсірген автор

Мына суреттегі қария – 91 жастағы Өмірқұл Романқұлов. Арыс қаласында тұратын байырғы теміржолшы. Ал оның алдында отырған – Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова. Жуырда Халықаралық қарттар күніне орай қарияны құттықтап шаңырағына арнайы бас сұққан әкім үлкен кісінің батасын алды.

Мәдениет үйінде өткен мерекелік шараға қатыса алмаған қарттарды арнайы құттықтауды жөн көрген қала әкімі сый-сияпатымен арнайы барып, қариямен әңгіме-дүкен құрды. Амандық-саулық сұрасқан соң: «Қарағым, кімнің қызысың?», – деп сұрады бұл күнде көзі шала көріп, құлағы да сыр бере бастаған тоқсан жастағы қария.  

«Мамыттың қызымын ғой, ата. Арыстың әкімімін. Сізді мерекемен құттықтап арнайы келдім», – деді әкім ханым ақсақалдың иығына шапан жауып жатып. «Е, шырағым, ғұмырлы бол, бәрекелді, әкеңді білем, өзіміздің ауылдың қызы екенсің ғой. Қартайғанда кімге керекпіз деп қамығамыз біз, ұмыт қалдырмай, елеп-ескергендеріңе рахмет. 41 жыл теміржолшы болып, ұл-қыз өсіріп, немере, шөбере сүйіп отырмыз. Сендерге де біздің жасымызды берсін, тоқсанға келіңдер, қане, жай алақаныңды...», – деп ақсақал әкімге батасын берді.

Өмірқұл ақсақалдың қызы Гүлмираның айтуынша, атамыз 1952 жылы Арыс вагон пайдалану депосына жұмысқа қабылданып, 1993 жылы сол мекемеден зейнеткерлікке шыққан. Өмірлік серігі Зейне анамыз екеуі 6 ұл, 2 қыз өсіріпті. Бүгінде сол алты ұлдың бесеуі – әке жолын қуған теміржолшы. Ұлдың үлкені Дәуітбек әкесін өкшелеп, зейнетке шығып үлгерген. Ал Бақытбек, Сейілбек, Құрманбек, Сапарбек және Оразбек теміржолда тер төгуде.

Өсіп-өнген әулеттің қазығы Өмірқұл қария 60-тан астам немере-шөберенің ортасында бақытты ғұмыр кешіп жатқан жайы бар. Өзі арқалап өсірген немерелердің орны бөлек, ал кейінгі шөбере, тіпті шөпшек дегендердің есім-сойын да біле бермейді екен. Мұны естіп жабыла күліп алдық. Ақиқатында, оның өзі бір бақыт сияқты...  

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, Арыс қаласы  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл