Медициналық тексеру жетілдірілді

Әлеумет
28.10.2022, 10:06
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Локомотив тізгіндейтін машинистер мен олардың көмекшілерінің денсаулығын тексеру – жолаушылар және жүк тасымалын жүзеге асырудағы ең бірінші кезекке қойылатын маңызды фактор.

Осы орайда Астана локомотив пайдалану депосында тәулік бойы бригадаларды рейс алдында тексеруден өткізетін қондырғылар жаңартылып, олардың сапар алдындағы денсаулығын тексеру жылдамдатылды. «Медикер» өндірістік медициналық мекемесінің медбикесі Айнаш Жаукенованың айтуынша, жаңадан алынған «Шлюз» медициналық кешені арқылы машинистерді медициналық тексеруден өткізу біршама оңайлады.  

– Бұл аппарат арқылы бір мезгілде дене қызуын, қан қысымын, жүрек соғысын және ішімдік ішкен-ішпегенін алкотест арқылы күн сайын жылдам анықтап отырамыз. Мониторына машинист қарағанда-ақ базада тіркеліп тұрғандықтан оны аппарат бірден таниды. Егер алкотест бойынша көрсеткіш нөлді көрсетпей, кез келген сан шықса, бойында ішімдік бар деген сөз. Ондай жағдайда машинисті қайтадан қағаз түріндегі алкотестпен тексеруге аламыз. Қысымы 140-тан жоғары болса емханаға жолдама жазып береміз, бұл ретте машинист жұмысқа жіберілмейді. Сонымен қатар әрине, қызуы көтеріліп, тұмауратып, жөтеліп тұрса да рейстен қалдырылып, орнына басқа әріптесі кетеді. Науқастанған машинист қайтадан сауыққаны туралы анықтама әкелмейінше, жұмысына кірісе алмайды, - дейді медбике.  

Депо қызметкерлерінің айтуынша, медициналық қондырғы 4 қызметті бір өзі атқаратындығымен ерекшеленеді. Ал бұрын олардың әрқайсысын бөлек-бөлек аппараттар анықтайтын және оған көп уақыт кететін. Қазір уақыт жағынан өте тиімді болып тұр, бас-аяғы 10-15 минуттың ішінде барлық нәтиже бірден компьютерге түседі. Медициналық кешеннің алынғанына көп бола қоймаған және бұл қондырғы әзірге тек Алматы, Астана және Қарағанды локомотив деполарында ғана бар.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті