«Саламатты Қазақстан» пойызы Ұлытау облысындағы жұмысын аяқтады

Әлеумет
02.11.2022, 09:17

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ұлытау облысындағы жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Rail-news.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Терісаққан, 2-3 қазан аралығында Шұбаркөл, 16-17 қазан – Жаңаарқа, 18-19 қазан – Қаражал, 22-23 қазан – Мыңадыр, 24-25 қазан – Жомарт, 26-27 қазан – Қызылжар, 28-29 қазан – Қарсақпай және 30-31 қазан Байқоңыр станцияларының тұрғындары тегін медициналық көмек алды.

Медициналық пойыз дәрігерлерінің Ұлытау облысында жүргізген жұмысының қорытындысы белгілі болды. Өңір бойынша дәрігерлер 3777 адамды қабылдап, кеңес беріп үлгерді. Олардың 705-і – бала. Бұл ретте емделушілердің келуі бойынша бірінші орында – құлақ және мұрын дәрігері мен невропатолог, екінші орында – хирург,  үшінші орында – көз дәрігері.

Сондай-ақ шалғай станциялардың тұрғындарына 1590 ЭКГ жасалып, 693 ФЛГ, 2217 УДЗ емшаралары жүргізілді.

«Біздің пойыздың соңғы аялдамасы Ұлытау облысы болды. Басқа өңірлердегідей мұнда да келушілер аз болған жоқ. Қарсақпай бекетінің 40 жасар тұрғыны кеуде тұсының оң жағының ауруына шағымданды. Науқасқа кеңес беру кезінде бір күн бұрын баспалдақтан құлағаны анықталды. Бірден флюорография аппаратына түсіріп, нәтижесінде оң жақтағы төрт қабырғаның жабық сынуын анықтады. Пойыз мамандары науқасқа тұрғылықты жері бойынша травматологке барып қаралуды, әрі дереу рентгенге түсу бойынша кеңес берді. Сондай-ақ Ұлытау облысының тұрғындарының арасында ең жиі кездесетін ауру түрлеріне созылмалы пиелонефрит, өт-тас ауруы, артериялық гипертензия, артрит, артроз, созылмалы гастрит, конъюнктивит дерттерін жатқызуға болады», – дейді «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жетекшісі Аман Қасенов.

Облыс тұрғындары да медициналық пойыздың қызметіне көңілдері толатынын жеткізді.  

«Денсаулығымды тексерту үшін арнайы медициналық пойызға келдім. Дәрігерлер барын салып, тұрғындарды тексеріп жатыр. Ақ халаттылар кеңестерімен бөлісіп, рецепті де жазып берді. Біздің ауылда дәрігерлер бар, бірақ мұндағы мамандармен салыстыруға келмейді. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», – деген Жаңаарқа станциясының тұрғыны Нұрсұлу Асанбаева әрбір емделушіге ерекше ықылас білдіріп, ем көрсеткен пойыз мамандарына шын жүректен алғысын білдірді.

Медициналық пойызға тексерілуге барлық жастағы ауыл тұрғындары келеді. Көбіне шалғай ауылда жоқ дәрігерлердің қабылдауына асығады.

«Мен гинеколог маманның қабылдауына келдім. Одан бөлік тіс дәрігеріне де қаралдым. Стоматолог өте жақсы емдейді екен. Ауыл-ауылды аралап, тұрғындарға тегін көмек көрсетіп жүргендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Келесі жылы да біздің бекетке жолдарыңыз түседі деп ойлаймын», - деген тілегін білдірді Жомарт станциясының тұрғыны Гүләйім Қажымұратқызы.  

Жалпы «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы еліміздің 67 шалғай станциясын аралап, Қазақстанның 8 облысында қызмет етті.  

«Саламатты Қазақстан» – «Медициналық пойыздар» қайырымдылық жобасының бір бөлігі. Жобаның басты мақсаты – сапалы медициналық қызметке жүгінуге мүмкіндігі жоқ еліміздің шалғай станциялары мен жақын жердегі ауылдардың тұрғындарын тегін медициналық тексеру.

Естеріңізге сала кетейік, екінші медициналық пойыз «Жәрдем» 5 қарашаға дейін Жамбыл облысының тұрғындарын қабылдайды.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл