Елдің мазасын алған жолаушы пойыздан түсірілді

Әлеумет
08.11.2022, 10:05
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Орал-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызынан 31 жастағы жолаушы түсірілді. Қостанайлық азамат жол бойы сапарластарының мазасын алып, қоғамдық тәртіпті бұзған.  

Оқиға Никельтау станциясында тіркелді. Көлік полицейлерінің мәліметінше, ер адам жол бойы ішімдік ішіп, айналасындағылардың мазасын алған. Жолаушылардың талабын назарға алған жолсеріктер желілік тәртіп сақшыларын шақырған.  

«Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ер адам «жеңіл дәрежедегі» масаң күйде болған. Шешім қабылдау үшін ұсақ бұзақылық бойынша Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына материал жіберілді», – дейді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Айта кетейік, құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігімен шара қолданып, оған қатысты 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Жыл басынан көлік полицейлері еліміздің түрлі аумағындағы теміржол бойында тәртіп бұзған 37 744 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде қоғамдық орында ішімдіктер ішіп және масаң күйде келгені үшін – 3 859, өзге де ұсақ бұзақылықтар үшін 523 адам жауапқа тартылған.  

Жүк тасымалы
01.04.2026
Үкімет басшысы ЕАЭО-дағы жүк тасымалын үйлестіру үшін нейрожелілерді пайдалануды ұсынды
Жаңалықтар
01.04.2026
ҚТЖ-да көктемгі комиссиялық тексеру басталды
Жаңалықтар
01.04.2026
«Бақты – Аягөз» жобасы назарда
Әлемде
01.04.2026
Alstom Белград метросының алғашқы желісіне пилотсыз пойыздар жеткізбек
Жолаушылар тасымалы
01.04.2026
Жолаушы пойызда немесе вокзалда затын ұмытса, қандай әрекет жасау керек?
Жаңалықтар
31.03.2026
ҚТЖ-да еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді
Әлемде
31.03.2026
2026 жылы Қытай - Еуропа бағытындағы жүк тасымалы 25%-ға артты
Жаңалықтар
31.03.2026
Қарағанды облысында жолаушыларды темір жолмен тасымалдау тарифі өзгереді
Жаңалықтар
31.03.2026
Қазақстан темір жолы Starlink жүйесін енгізуде
Жүк тасымалы
31.03.2026
Каспий теңізі: үміт пен күдік
Аймақтар
31.03.2026
Жамбылға жеті автокөлік келді
Қауіпсіздік
31.03.2026
Шұғыл тежелу – үлкен шығын
Темір жол тарихы
31.03.2026
Майталман теміржолшы Әнуарбек Ыбыраевтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды
ҚТЖ келбеті
31.03.2026
Парасат биігінде
Жаңалықтар / Мұрағат
31.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №24 31 наурыз 2026 жыл
Жолаушылар тасымалы
30.03.2026
Сұранысқа сай сервис
Спорт
30.03.2026
Атыраулық теміржолшылар баскетболдан үздіктерді анықтады
Аймақтар
30.03.2026
Атырау облысында 9 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр
Жолаушылар тасымалы
30.03.2026
«Астана – Талдықорған» бағытында тікелей пойыз қатынасы іске қосылады
Жаңалықтар
30.03.2026
Jibek Joly туристік пойызы кезекті халықаралық сапарын аяқтады