Сыйластық қимастыққа ұласты...

Әлеумет
08.11.2022, 10:29
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы вагон пайдалану депосы – ғасырлық тарихы бар ежелгі кәсіпорын. Теміржолшылардың қарашаңырағына айналған мекемеде осы жылдар ішінде неше мың адам еңбек етіп, нәпақасын айырды.

Күні кеше депо ұжымы екі бірдей майталман теміржолшыны құрметті демалысқа шығарып салды. Мамандық таңдауда жаңылмаған қос зейнеткер әріптестерінің ықылас-құрметіне риза болып, туған шаңырақтарына айналған депода өткен жылдарын қимастықпен еске алатындарын жеткізді. Зейнеткерлерді ұжым басшылығы мен кәсіподақ ұйымы құттықтап, оқалы шапан жауып, естелік сыйлықтар табыс етті.

– Асылбек Молқаждарұлы мен Сақыпжан Аяғановтың екеуі де тәжірибелі вагон қараушылар. 41 жылдық жұмыс өтілінің 24 жылын осы кәсіпке арнаған Асылбек еңбек жолын жылжымалы құрамды жөндеу слесары болып бастап, бүгінде аға вагон қараушы-жөндеуші болды. Сақыпжан Аяғанов 45 жылдық жұмыс тәжірибесінің алғашқы бөлігінде жол монтері, станция кезекшісі болып, 1998 жылдан бері біздің депода аға вагон қараушы-жөндеуші болып зейнетке шығып отыр, – деді деподағы кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Ибрайым.  

Зейнет жасына жеткенше асығатын теміржолшылар шығарып салу рәсімінде сыйластықтың қимастыққа ұласқанын сезініп, тіпті көздеріне жас алатыны жасырын емес. Депо басшылығы жастарға тәлімгер ретінде қос зейнеткермен алдағы уақытта да байланыстың үзілмейтінін жеткізді.  

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады