Кадр саясатына жаңаша көзқарас

Әлеумет
25.11.2022, 09:03
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да New Ver кадрлық саясаты бастамаларын әзірлеу бойынша HR стратегиялық сессиясы өткізілді. Ұлттық компанияның топ-менеджерлері қатысқан іс-шара «HR қалай бизнес-әріптестік арқылы өзгерістер драйверіне айналады?» деп аталды.

Сессияны өткізуге HR саласында тәжірибесі мол сарапшы модератор Лариса Чистоедова шақырылды. Ол жиырма жылдан бері тренингтер/стратегиялық сессия өткізумен айналысып келеді. Арнайы сессияға компанияның аппарат басшысы Серік Кеулімжаев, бас инженер Батыр Котырев және басқа да департамент директорлары мен еншілес ұйымдар директорларының орынбасарлары қатысты. Қатысушылар негізгі HR басымдықтары, IR және ESG қағидаттары және EVP элементтері туралы талқылады.  

– Бүгінгі таңда біздің компанияның алдында бірқатар стратегиялық міндеттер тұрғаны мәлім. Соның ішінде қызмет тиімділігін, еңбек өнімділігін және жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, IR және ESG қағидаттарын енгізуге бағытталған міндеттер бар. Осыған орай біз бүгін кадр саясатының басымдықтағы HR бағыттарын бірлесе әзірлеу үшін негізгі әріптестеріміз бен стейкхолдерлерімізді шақырып отырмыз, – деді Серік Кеулімжаев.  

Сессия барысында сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева компанияның 2019-2029 жылдарға арналған стратегиялық мақсаттарына тоқталды.

– Стратегиялық мақсаттарымызға компанияны қаржылық тәуекел аймағынан шығару, қаржылық тұрақтылықты, жалпы тұрақты дамуды қамтамасыз ету, компания қызметінің тиімділігі мен клиенттер қанағаттанушылығын арттыру, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне кепілдік беру жатады. Сонымен қатар негізгі НR бастамаларға келсек, компаниямыздың 2019-2029 жылдарға арналған кадр саясатына сәйкес, корпоративтік мәдениетті, көшбасшылықты, НR құзыреттілікті дамыту көзделіп отыр, – деді ол.  

Ал 2023-2029 жылдарға арналған кадр саясаты бойынша, НR бизнес әріптестікті дамыту, ESG, яғни инклюзивтілік, дискриминацияға жол бермеу, гендерлік саясат мәселелері, НR процестерді оңтайландыру, таланттарды анықтау мәселелері қамтылған.  

Сәуле Истлеева бұл бағыттағы жұмыстар туралы да баяндады. Оның айтуынша, өткен кадр саясаты НR құзыреттілігін дамытуға, корпоративтік мәдениетті диагностикалауға бағытталған болса, жаңа кадр саясаты IR және ESG қағидаттарын енгізуді қамтамасыз ететін құзыреттілік пен процестер арқылы жұмысшылардың әлеуметтік әл-ауқатын, қызмет тиімділігін арттыруды бірінші орынға шығарып отыр.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады