Теміржолшы денсаулығы – дәрігерлер назарында

Әлеумет
13.12.2022, 11:32
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей темір жолында еңбекті қорғау шаралары аясында теміржолшылар денсаулығына баса көңіл бөлінеді. Бұл орайда жыл бойына түрлі акциялар мен ашық есік күндерін ұйымдастыру да дәстүрге енген.

Бұл шараларды өткізуге негіз де жоқ емес. Себебі ағымдағы жылы диспансерлік есепте тұратын теміржолшылар саны біршама артып отыр. Мәселен, ВЧДЭ-23 бойынша – 38, ТЧЭ-24 мекемесінде – 92, Аягөз локомотив пайдалану депосында 55 адам арнайы тізімге алынған. Желі бойындағы өзге мекемелер бойынша да дәрігерлердің назарына іліккендер жетерлік. Сондықтан медицина саласының қызметкерлерімен тығыз байланыс орнатылған. Биылғы жылдың басынан бастап, «Павлодар теміржол ауруханасы», Семейдегі №1 аралас типті аурухана және Аягөз қаласындағы «Қазығұл» емханасының қызметкерлері жоспарлы және кезектен тыс медициналық тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Электронды келісімшарт бойынша мұндай жұмыстар жылдың аяғына дейін жалғасатын болады.  

Осы өткізіліп жатқан шаралар аясында медициналық тексерулер жылдағыдан да күшейтілді. Мәселен, өндірістік дәрігер мен фельдшерлер машинистердің жұмыс орындарында да тексерулер жүргізіп, еңбек қарқынын медицина қызметкерінің көзімен байқап көруді жолға қойған. Бұл орайда әсіресе гипертониялық сырқаттармен диспансерлік тіркеуде тұрған локомотившілер қауымына ерекше назар аударылуда.  

– Сондай-ақ, локомотив бригадаларының жұмыс сағаттарының асып кетпеуі, еңбек және демалыс режимін сақтаулары тұрақты қадағаланады. Машинистердің өндіріс барысындағы техникалық-ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жүргізуі, технологиялық үдерістерді іске асыруда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтаулары да ұдайы назарда ұсталуда. Ағымдағы жылдың он айы семейлік машинистер үшін ешқандай келеңсіз оқиғаларсыз өтті. Еңбекті қорғау аясындағы ұйымдастырылған бұл шаралар жұмыс барысындағы қауіпсіздікті тіптен нығайтып, өндіріс өнімділігін де еселей түсетіні анық, – дейді Семей ЖТ бөлімшесінің еңбекті қорғау бөлімінің жетекші инженері Бекзат Кәрімханов.  

Бөлімше бойынша рейс алдындағы және ауысымнан кейінгі дәрігерлік тексерулер жүргізілетін станциялар саны да көбейтілген. Мұндай қадағалау шаралары Суық-Бұлақ, Шаған, Үш-Биік, Таңсық, №27 жолайрық, Жалпақ, Белағаш, Шоптығақ сынды шағын айырма пункттерде де жүргізіліп жатыр. Ал тексеруге келмеген немесе бас тартқан теміржолшылар міндетті түрде тәртіптік жазаға тартылады. Дегенмен, соңғы айлардағы көрсеткіш бойынша ондай келеңсіз оқиғалар тіркелмеген.  

Сол тәрізді аязды күндері станция басында, ашық далада, желдің өтінде еңбек ететін теміржолшылар қызметі де айрықша назарға алынған. Оларға үсік шалуға қарсы арнайы жақпамай да беріледі. Әсіресе, қысты алғаш рет өткізіп отырған теміржолшылар алғашқы кезекте назарға алынуда. Биылғы жылы олардың саны артып отыр. Яғни 102 адам жаңадан қабылданыпты. Олардың жанына тәжірибелі мамандар бекітіліп берілген. Теміржолшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау жолындағы қолға алынған осындай ілкімді шаралардың нәтижесінде болса керек, ағымдағы жылдың 10 айында жұмыс орындарында ешқандай төтенше жағдай тіркелмепті.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды