Маңғыстаулық теміржолшы «100 жас есім» жобасында топ жарды

Әлеумет
29.12.2022, 09:40
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Тарих қойнауына еніп бара жатқан барыс жылы маңғыстаулық жас теміржолшы Асхат Шарапатдинов үшін табысты болды. Ол биыл  «ҚТЖ» компаниясының «100 жас есім» жобасы қатарынан орын алды. Ол ол ма, Мұнайлы ауданында өткен «Жыл үздігі-2022» байқауында «Үздік жас теміржолшы» жастар сыйлығының номинанты атанды.      

Асхат жаз айынан желтоқсанға дейін жалғасқан  «100 жас есім» жобасының барлық сатысынан сүрінбей өтіп, топ жарған 100 жастың бірі  болғаны аймақ теміржолшыларының да мерейін көтеріп тастады. Ал аудандық байқауда ол үздік он бір аталымның біріне лайық деп табылып, аудан әкімі Ержан Күмысқалиевтің  қолынан сыйлық алды.  

- Ата жолын жалғастырып, мамандық таңдауда жаңылысқан жоқпын. Туған атам өмір бойы әскерилендірілген теміржол күзетінде еңбек еткен. Баласы өмірде қандай жетістікке жетпесін ата-ана үшін содан артық сый жоқ. Менің  бұл марапаттарым сол кісілерге жаңажылдық тартуым, болашаққа жоспарым, алыдма қойған мақсатым бар, соған жеткенше тыным тапапйтын боламын,-  дейді Маңғыстау қосалқы бөлімі өндірістік-техникалық бөлімде инженер Асхат Шарапатдинов.  

Жастар сыйлығының лауреаты атанған Асхат түбек теміржолындағы еңбек жолын Еуразия ұлттық университетін "Тасымалдау, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану"  мамандығы бойынша бітіріп келгеннен кейін 2015 жылы Боржақты бекетінде станция кезекшісі болып бастады. 2017-2018 жылдары Маңғыстау станциясында пойыз құрастырушы және техникалық бөлімде қозғалыс қауіпсізігі бойынша бас маман міндетін атқарады. 2018-2022 жылдары Маңғыстау бөлімшесінде қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас маман болса,  биылғы жаз техникалық бөлімге ауысты.    

Орда бұзар отызға енді толғалы отырған жас маман  бүгінгі жетістігімен тоқтап қалмасы анық,  қоян жылынан да күтері көп. Теміржолшылар әулетінен шыққан жары Жанармен бірге  бүгінде бір бала өсіріп отырған жас отбасы иесі барша әріпетестерін жаңа жылмен құттықтап, еңбекте табыс, отбасына бақыт тілейді.   

 

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл