Кедергісіз орта: Қызылорда вокзалына мониторинг жүргізілді

Әлеумет
24.01.2023, 12:01
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда теміржол вокзалында мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, оның қауіпсіздік деңгейімен танысу, кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында мониторинг жүргізілді.

Вокзалда жолаушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалған. Вокзал ғимаратына көтерілетін баспалдақтар жанында арнайы пандус бар, іште де арнайы бөлме, қажет болса қоларба бар. Вокзал қызметкерлерін көмекке шақыру үшін арнайы дабыл түймесі орнатылған. Дегенмен аймақтағы теміржол вокзалдарының дені бір ғасыр бұрын салынғандықтан кейбір сәйкессіздіктер де жоқ емес. Бүгінде олар ретке келтірілуде.  

Қызылорда Магистральдық желі бөлімшесі басшысының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Нұрлан Бимұратов, «Аманат» партиясы «Теміржол» филиалының атқарушы хатшысы Базара Танбаева, вокзал бастығы Жарас Қойшығұлов мониторингтік топпен бірге көрсетілетін қызмет сапасын саралады.  

– Бүгінгі таңда біздің «Теміржол» филиалы ұйымдастырып отырған партиялық мониторинг аясында облыстық мүгедектер қоғамдық ұйымының мүшелері Роза Смағұлова, Анар Әбілдаева, Мұрат Ізбенбетов, көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бас маманы Әйгерім Бектұрғанова вокзал аумағында орналасқан пандустардың стандарттық талапқа сәйкестігін, басқа да нысандарды қарап, кейбір тұстарына қатысты өз ұсыныстарын айтты. Мысалы, мүгедектер көлігі тұратын автотұрақ орындарын қосымша белгілеу, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы бөлме ішіндегі орындықтарды биіктету, қоңырау орнату секілді ұсыныстар назарға алынды, – дейді Базара Танбаева.  

Мониторингтік топтың ұсынысы бойынша тиісті органдарға хат жолданды.  

 

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады