Әлеуметтік жобаға қолдау көрсетілуде

Әлеумет
28.01.2023, 10:39
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Соңғы жылдары еліміз бойынша әлеуметтік кәсіпкерлікке кеңінен қолдау көрсетілуде. Аталмыш бағыттағы игілікті шараларды «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры іске асыруда.

Тоқтала кетсек, «Табысты отбасы» жобасы аз қамтылған отбасыларға, көп балалы аналарға, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және бір бала тәрбиелеп отырған әкелер мен аналарға көмек көрсетуге арналған. Басты мақсаты - сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту және шағын гранттық қолдау көрсету арқылы тұрғындардың әл-ауқатын арттыру. Бұл ретте Ұлытау облысында гранттар 14 түлекке, Жетісу облысында 24 қатысушыға беріліпті. Ал, Семейде аталмыш әлеуметтік жобаның тағы 29 түлегі арнайы құрал-жабдықтар иегері атанды.  

Осы орайда Семейде «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының қатысушыларына арнайы жабдықтар жиынтығы салтанатты түрде табыс етілді. Аталмыш шараға Семей ЖТ бөлімшесінің бастығы Владимир Бабиченко, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы мен атқарушы билік өкілдері қатысты.  

Жиын барысында сөз алғандар әр аймақтағы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірлерді дамытуға бағытталған жобалардың нәтижелі боларына сенім білдірді. Бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Владимир Владимирович жоба қатысушыларына құттықтау лебізін арнады.

– Баршаңызды осынау бірегей жобаға қатысып, гранттық қолдауға ие болуларыңызбен құттықтаймын. Өз заманында Абай да замандастарын белгілі бір кәсіп игеріп, еңбек адамы болуға үндеген болатын. Бұл өсиет бүгінгі күні де өз маңызын жойған жоқ, – деді өз сөзінде бөлімше басшысы.  

Басқосу барысында сонымен қатар, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров та пікір білдірді.

Жиында «Табысты отбасы» жобасының авторы Айжани Нұрланова да сөз алып, аталған бағытта жүргізілген жұмыстар жайлы сөз етті.  Сонымен қатар, жобаға белсенді түрде қатысып, кәсіптің жаңа түрін меңгеруге ерекше ден қойған қатысушыларға да алғысын білдірді. Айжани Адайқызы айтып өткендей,  олардың барлығы бейіндік оқыту, тәлімгерлік қолдау, жеке тұлғалық даму және бизнес-дағдыларды дамыту бойынша арнайы тренингтерден өтіп, жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің барлық нұсқауларын орындап шығыпты.

Айта кетер болсақ, Абай облысынан жобаның 29 қатысушысы өз ісін ашу үшін жабдықтар түріндегі гранттар алды. Оларға ноутбуктер, тігін машиналары, пештер, миксерлер, кушеткалар және мультимарка сканері тарту етілді. Жоба шеңберінде кешенді оқыту бес бейіндік бағыт бойынша жүргізіліп, қатысушылар «ЅММ», «Кондитерлік іс», «Сұлулық индустриясы», «Тігін ісі» және «Автоэлектриктер» мамандығын меңгерген-ді.  

– «Табысты Отбасы» әлеуметтік жобасының пилоты өткен жылдың 1 желтоқсанында Абай, Жетісу, Ұлытау өңірлерінде, сондай-ақ Түркістан және Ақтөбе облыстарында басталған болатын. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының кешенді қолдауымен жүзеге асырылуда. Аталған бағыттағы шаралар алдағы уақытта оң нәтиже берері анық, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесі бастығының экономика және қаржы бойынша орынбасары Жанар Құрманғалиева.

Басқосу соңында барлық грант иегерлеріне арнайы сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті