«Нұрлы жол» вокзалы мүгедектігі бар жандар үшін қолайлы бола түспек

Әлеумет
30.01.2023, 10:45
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордадағы «Нұрлы жол» вокзалында мүгедектігі бар адамдарға вокзал кешенінде қауіпсіз жүріп тұруды қамтамасыз ету тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  

Вокзал кешені директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Айгүл Өксікбаева төрағалық еткен жиында теміржолшылар вокзал ғимаратында есту, көру қабілеті нашар, тірек-қимыл аппараты зақымданған, көмекші құралдардың немесе басқа адамдардың көмегімен қозғалатын мүгедек жандарға қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселесі сөз болды.  

Айгүл Өксікбаеваның айтуынша, бүгінде вокзалда 31 дана мүгедектер арбасы, 16 дана тактилді дыбыстық мнемосұлба, 24 пиктограмма, 104 Брайль кестесі, құлағы дұрыс істімейтіндерге арналған 5 индукциялық панель, арнайылап қайта жасақталған 1 билет кассасы, қайта жабдықталған 12 санитарлық торап, вагонға тиеп, түсіруге арналған көтерілмелі 2 механизм, мүгедектерге арналған 2 бөлме, 7 дана шұғыл көмек шақыруға арналған стойка, мүгедектерге арналған 24 автотұрақ, 14 шақыру батырмасы бар. Сонымен қатар  тактилді плиткалар кешеннің барлық жеріне қойылған.  

Бұл жиынға теміржол қызметкерлерімен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарды біріктіретін 4 қоғамдық ұйым мен Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты. Олар өздері сияқты жандардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін вокзалда тағы қандай жұмыстар атқарылуы керектігін айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, «Актив life» мүгедектер қоғамының басшысы Арнур Ысқақов мүгедектігі бар жандар үшін паркингті тегін пайдалану мәселесін шешу, мүгедектер арбасын дұрыс пайдалану мен вокзал қызметкерлерін ситуациялық көмек беруге үйретуге байланысты ұсыныстарын берді. Ал «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ есеп бойынша технигі, ІІ топтағы мүгедек С. Есілбаев стандарттарға сай әйнек есіктерде сары-қара түспен белгілер қойылуы керектігін жеткізді.  

Отырыс нәтижесінде басқа да ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, Диспетчерлік қызметті диспетчерлік құрылғылар орнату арқылы ұйымдастыру, жолаушылармен тікелей жұмыс істейтін вокзал қызметкерлерін, яғни кезекшілерді сурдоаударма машықтарына үйрету, пойыздар кестесі жазылған таблода пойыз вагондарының нөмірлері жазылған ақпараттар беру, құлағы нашар еститін жолаушылар үшін дикторларға хабарлата отырып, визуалды түрде жолаушыларды отырғызып, шығарудың басталғаны туралы хабардар ету, мүгедек жандардың қолайлылығын барынша қамтамасыз ету үшін онлайн билет сатқанда мүгедектерге арналған арнайы орындар бөлу мүмкіндігін қарастыру және тағы да басқа мәселелерді көтерді. Бұл ұсыныстар отырыс хаттамасына толтырылып, вокзал шаруашылығы департаменті бекіткен соң, ұсыныстар тағы қаралып, бюджетке енгізіледі.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті