Жолаушылардың шағым-ұсынысын қараусыз қалдырмайтын маман

Әлеумет
10.02.2023, 10:10
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Кімдер келіп-кетпеген құттыхана» демекші, күні-түні адам аяғы үзілмейтін вокзалдар қызметі аса мазасыз да қауырт. Сол жерде вокзалдың қауіпсіздігіне, ішкі-сыртқы тазалығына және келген-кеткендердің өтініші мен шағым-ұсынысына құлақ түретін бір мамандық бар. Ол – вокзал бастығының кезекші көмекшісі.

Солардың бірі – Астана вокзалы бастығының кезекші көмекшісі Әйгерім Әбдиеваның айтуынша, көпшілікпен жұмыс істеген соң елдің бәрінің бірдей тілін табу оңай емес. Бірі билетін қайтарамын десе, екіншісі келген пойызда затын ұмытып кеткен болады. Енді бірі жүк сөмкелерін және т.б. заттарын жоғалтып келеді. Мұндайда Әйгерім желілік тәртіп сақшыларымен бірлесе отырып, жолаушылардың мәселесін шешуге тырысады. Пойыз бастығына шығып, жолаушы отырған вагонды тексертеді, зат табылса, акт толтырылады. Жақында Виктория есімді жолаушы тарапынан Әйгерімге алғыс жазба келіпті. Ол 6 жасар ұлы жоғалтып алған рюкзакты Әйгерімнің көмегімен вокзал қызметкерлері мен полиция тауып бергенін айтып, рахметін жеткізген.  

– Пойыздардың кешігуіне байланысты жолаушылар бізге келеді. Олардың отырғызу талонына пойыздың неше сағат кешіккенін белгі етіп жазып береміз, жолаушы оны алып кассаға барады. Пойыз 1 сағаттан артық кешіксе, билет құнының 3 пайызын біз белгілеп берген талон арқылы қайтарып алады. Жолаушылардан бөлек вокзалға, әсіресе түнгі ауысымда түрлі адамдар келуі мүмкін. Ішіп алып қоғамдық тәртіпті бұзатындар да кездеседі. Ондай кезде дереу полиция шақырамыз. Кейде отбасындағы кикілжіңге байланысты бала-шағасымен вокзалды паналайтын әйелдер де келеді. Мүгедектерге қызмет көрсету де біздің басты міндетіміздің бірі. Жұмыс барысында неше түрлі сұрақтармен келетін түрлі тағдыр иелерінің оқиғаларына да куә боламыз. Оларға да қолымыздан келгенше көмек береміз, – дейді Әйгерім.  

Әйгерімнің еңбек өтілі – 9 жыл. Ал вокзалда 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Жалпы Астана вокзалында кезекшілердің 4 ауысымы болса, соның біреуіне Әйгерім жетекші. Әр ауысымда 17-18 кезекшіден болады. Олар вокзалдың барлық жеріне бөлініп, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті