Теміржолшыларды толғандырған мәселелер тыңдалды

Әлеумет
10.02.2023, 10:27
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау темір жолында әлеуметтік салаға қатысты құзырлы өкілдер шалғай станцияларды аралап, теміржолшылардың жұмыс орындарында кездесулер өткізіп, олардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады.

Аталған басқосуларда Маңғыстау қосалқы бөлімі кәсіподақ ұйымының төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов, қосалқы бөлім бастығының экономика жөніндегі орынбасары Рану Сарбулатова, кадр бөлімінің басшысы Екпін Қожахметов теміржолшылардың әлеуметтік хал-ахуалымен танысып, жаңалықтар мен өзгерістерден хабардар етті.  

Алдымен Бейнеу станциясында басталған басқосуға станцияның, вагон пайдалану және локомотив айналым деполарының ұжымы қатысты. Сосын Сай-Өтес, Шетпе станциялары мен оларға жақын маңдағы бекеттердің теміржолшыларын жинады. Бейнеуден кейінгі бағыт Өзен-Болашақ телімінде жалғасты. Өзен, Болашақ, Бопай станциялары мен Ақбөбек, Бастау және осы телімдегі кішігірім бекет жұмысшыларының әлеуметтік мұңмұқтажы тыңдалды. Теміржолшылар ұжымдық шарттағы қосымша өзгерістер мен енгізіліп жатқан және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жаңалықтармен танысты. Дәл осындай кездесулер Маңғыстау станциясында да ұйымдастырылып, ондағы екі депоның ұжымы мен басқа да жұмысшылар қатысты.  

– Біздің бұл сапарымыздың мақсаты жұмысшыларды толғандырған әлеуметтік мәселелер туралы біліп, олардың игілігі үшін жасалып жатқан өзгерістерді таныстыру болды. Кейінгі кездерде еңбекақы тарифінің көтеріліп жатқаны, алдағы наурызда тағы да 10 пайызға жоғарылайтыны, жұмыс көлемін дұрыс орындаған өндірістегі жұмысшыларға сыйақы тағайындалатыны, тағы басқа да ақпараттар жеткізілді. Мысалы, келесі жылы жаңа ұжымдық шарт жарық көреді, көп жұмысшылардың соған қатысты сұрақтары бар екен. Одан басқа бұрыннан көтеріліп жүрген мәселелер де қозғалып, кәсіби мерекедегі сыйақы мөлшерін, балалы болғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны көтеру бойынша ұсыныстар айтылды. Медициналық қызмет бойынша «Медикер» қызметіне көңілі толмайтындар бірнеше кездесуде қайталанды. Зейнет жасы туралы, жеке басының мәселелерін алға тартқандар да кездесті. Көбісі алдағы уақытта іске асырылғалы отырған – шипажайды өздері таңдау мүмкіндігіне қызықты. Бұл да жұмыс берушінің теміржолшылар үшін қолға алып отырған жақсы жаңалықтарының бірі, енді бұрынғыдай белгілі бір шипажайларда ғана емес, әркім өзі қалаған жерінде демала алады. Оның белгілі бір мөлшерін өтеп беру қарастырылған, – дейді Маңғыстау қосалқы бөлімі кәсіподақ ұйымының төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл