ҚТЖ мен РЖД кәсіподақ өкілдері шекара маңындағы өзара іс-қимыл мәселесін талқылады

Әлеумет
03.03.2023, 09:56
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Наурыздың алғашқы күні Астанада бас қосқан ҚТЖ мен РЖД кәсіподақшылары алғаш рет өңірлік деңгейде өзара ынтымақтастықты дамыту туралы отырыс өткізді. Жиында Ресей теміржолының «Роспрофжел» ҚБ мен «Қазкөліккәсіп» ҚБ арасындағы Шекара маңындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру жайы талқыланды.

Нәтижесінде қос кәсіподақтың алдағы уақытта бірлесе атқаратын жұмыстарының Жол картасын жасауға ұсыныстар айтылды. Отырысқа қатысқан Теміржолшылар кәсіподақтары халықаралық конфедерациясының бас директоры Геннадий Косолапов қазіргі таңда екі ел кәсіподақтарын дамытудың жаңа кезеңі басталып отырғанын жеткізді. Сондықтан шекаралық кәсіподақтар деңгейінде жиын алғаш рет ұйымдастырылып отыр.  

– Жоғарыда аталған меморандум былтыр маусым айында қабылданған болатын. Оның мақсаты – шекара маңы деңгейінде конфедерация кәсіподақтарының байланысын нығайту. Атап айтқанда, әлеуметтік серіктестікті дамытып, кәсіподақ мүшелерінің мүдделері мен еңбек құқықтарын, әлеуметтік-экономикалық қорғау мәселелері бойынша бірлесіп жаңа әдістер ойлап табу, еңбек қорғау және сақтау, экология саласында өзара іс-қимыл жүргізу, кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, мәдени, жастар қозғалысы саласында байланысты ұлғайту. Мұның бәрі осы бағытта ақпараттар мен тәжірибе алмасу, яғни бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар және тағы басқа іс-шаралар өткізу арқылы жүзеге асады, – деді Г. Косолапов.  

«Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев ресейлік әріптестеріне қазақстандық кәсіподақтың құрылымы мен қызметі, Ұжымдық шарт ерекшеліктері және кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының жұмыс істеу тәртібі туралы баяндап берді.  

– Екі елдің теміржол кәсіподақтарында ортақ мәселелер мен тақырыптар көп. Сондықтан біз өзара ынтымақтаса отырып, кәсіподақ жұмысын дамытуды жөн көрдік. Негізгі міндет – қатарымызға кәсіподақ мүшелерін барынша көптеп тартып және теміржол кәсіподақтарының жұмысындағы озық тәжірибемен алмасу. Сондықтан бүгінгі кездесуден күтеріміз көп. Бұл кездесуге Ресей тарапынан бізбен үнемі тығыз жұмыс жүргізетін үш шекаралық теміржол өткелінен, яғни Батыс Сібір теміржолы, Оңтүстік-Орал және Волга маңы теміржолынан кәсіподақ басшылары келді. Ал біздің тарапымыздан олармен шекарада жұмыс істейтін Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Семей, Защита торабы теміржолынан кәсіподақ өкілдері қатысты. Әрқайсысы өз жұмысын таныстырып, өзара пікір алмасты, – дейді О.Ахметбаев.  

Оңтүстік Орал теміржолы бойынша «Дорпрофжел» ҚБ Челябинск филиалының ақпараттық-ұйымдастырушылық және кадрлық жұмыстар жөніндегі жетекші маманы Валентина Челнокова өз өңіріндегі кәсіподақ жұмысымен таныстыра келе өзара ынтымақтастықты арттыруға қатысты ұсыныстарын айтты. «Дорпрофжел» ҚБ төрағасының орынбасары Олег Пилюгиннің айтуынша, шекаралық ынтымақтастықты дамыту аясында бірлескен жұмыстар алдымен спорттық іс-шаралар өткізуден басталады. Одан әрі қос елде экскурсиялар, тағы да басқа ірі шаралар өткізу көзделуде.  

Қазақстан тарапынан Кәсіподақтың Батыс филиалының төрағасы Ғабит Зейпуллаұлы, кәсіподақтың Орталық кеңесінің Защита торабы бойынша төрағасы Айгүл Жайлаубаева, Орталық кеңестің Семей өңірі бойынша төрағасы Алик Досанов, кәсіподақтың Қостанай филиалының төрағасы Ғафу Несіпбаев, Павлодар филиалының төрағасы Рафаил Сабаров, Ақмола филиалының төрағасы Хазис Закирин баяндама жасады.  

Отырыста Меморандумды жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірлеу үшін ұсыныстар қабылдау мақсатында кәсіподақ өкілдері бірнеше секцияларға бөлініп, ой-пікір алмасты. Айталық, №1 секцияға «Қазкөліккәсіп» ҚБ-ның Ақмола, Қостанай филиалдары мен «Роспрофжел» ҚБ-ның Оңтүстік-Орал темір жолындағы аумақтық ұйымдарының өкілдері бөлінді. №2 секцияда қазақстандық Семей, Защита теміржол тораптары бойынша кәсіподақтың Павлодар филиалы мен ресейлік Батыс-Сібір теміржолы бойынша кәсіподағының аумақтық ұйымы өкілдері пікір бөлісті. Ал №3 секцияда қазақстандық Атырау өңірі бойынша кәсіподақтың Батыс филиалы мен ресейлік Волга маңы теміржолындағы аумақтық ұйымы мүшелері сөйлесті. Жол картасын дайындауға қатысты қазақстандық кәсіподақ ұсынысын «Қазкөліккәсіп» ҚБ ұйымдастырушылық жұмыстар және халықаралық қамтамасыз ету департаментінің директоры Нұрлан Нұрпейісов жеткізді. Түстен кейін барлық қатысушылар дөңгелек үстелде қайта бас қосып, өңірлік Жол картасының жобасын ұсынды.  

 

Жаңалықтар
02.10.2025
ҚТЖ мен AD Ports Group ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Аймақтар / Бейнелер
02.10.2025
Сексеуіл станциясында өткел ғимараты пайдалануға берілді
Аймақтар
02.10.2025
Ардагер теміржолшыларға құрмет көрсетілді
Жаңалықтар
02.10.2025
Jibek Joly туристік пойызы келесі сапарға дайындалуда
Аймақтар
02.10.2025
Жем локомотив пайдалану депосына – 120 жыл
Жаңалықтар
01.10.2025
ТХКБ үшін жаңа серпін: Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия стратегиялық құжатқа қол қойды
Станция тынысы
01.10.2025
Достық станциясы — Қазақстан мен Қытай арасындағы негізгі көлік торабы
Жаңалықтар
01.10.2025
Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымы көлік министрлерінің VIII кездесуі өтті
Әлемде
01.10.2025
Бүгіннен бастап Қытай пойызға қағаз билеттерді қолдануды тоқтатты
Әлеумет
01.10.2025
Бершүгір станциясында теміржолшыларға арналған спорт кешені ашылды
Жаңалықтар
01.10.2025
Экологтарға арналған оқытуда қалдықтарды бөлек жинау мен жаңа кодекс нормалары талқыланды
Жаңалықтар
01.10.2025
New Silk Way: ҚТЖ еуразиялық транзитте стратегиялық көшбасшылықты күшейтуде
Жаңалықтар
30.09.2025
Пойыздан кешіккен бойжеткен машинист кабинасына тас лақтырды
Жаңалықтар
30.09.2025
Алматыда «New SilkWay» бизнес-форумы өтіп жатыр
Жаңалықтар
30.09.2025
Президент: Қазақстан арқылы әлемнің ең ірі сауда нарығына 5 теміржол дәлізі өтеді
Жаңалықтар
30.09.2025
Мемлекет басшысы «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты
Трансформация
30.09.2025
Локомотив құрастырудың жаңа деңгейі
Жаңалықтар
30.09.2025
«НR-өндіріс серпіні»: Маңызды жобалар алаңы
Қауіпсіздік
30.09.2025
Қараусыз мал мен құлаққаптағы адам – пойыз қозғалысына қауіп
Аймақтар
30.09.2025
Құрылғылар сенімділігі күмән туғызбайды