«Табысты отбасы» жобасы аясында гранттар табысталды

Әлеумет
31.03.2023, 10:11
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік жобасына қатысушылар өз ісін ашу үшін жабдықтар жиынтығы түрінде грант алды. Олардың әрқайсысы 150 АЕК сомасы көлемінде.

Грант иелері «ЅММ», «Кондитерлік іс», «Сұлулық индустриясы», «Тігіншілік», «Автоэлектрик» сынды сұранысқа ие бес бейіндік бағыт бойынша бір ай оқуды тәмамдады. Жоба тәлімгерлері оларға шағын бизнес жүргізуге және дамытуға қажет кеңестер беріп, тренингтер мен сабақтар өткізген. Жобаға негізінен аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жастар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырғандар және жалғызбасты ата-аналар қатысқан. Оларға ноутбуктер, тігін машиналары, миксерлер, электр пештері және басқа да жабдықтар жиынтығы табысталды. Салтанатты шараға Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Владимир Бабиченко мен оның экономика және қаржы бойынша орынбасары Жанар Құрманғалиева арнайы қатысты.  

– Қор тарапынан қолдау тапқан пилоттық жобалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз. Әр отбасының әл-ауқаты, материалдық тұрақтылығы артып, аймақтағы әлеуметтік ахуалдың жақсаратынына үмітіміз зор. Тұрғындар арасындағы жұмыссыздық азайып, жобаға қатысушылар өз кәсібін үйде отырып-ақ жүргізіп әкетсе дейміз, – дейді Жанар Амангелдіқызы.  

Сонымен қатар жиын барысында аталмыш жобаның авторы Айжани Нұрланова да сөз алып, пікір білдірді.  

Жобаға қатысушылар арман-мақсаттарының орындалуына нақты мүмкіндік туғанына қуанышты екендерін жасырмай, алғыстарын жеткізді.  

Жалпы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауы арқылы «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасын өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап іске асыруға шамамен 200 млн теңге бөлініп, екі кезеңде 300 қатысушыны қамтыған екен. Оның ішінде Абай облысынан қатысушылардың саны біршама мол. Айта кетер болсақ, өткен қаңтар айында 29 адам өз ісін ашу үшін жабдықтар түріндегі гранттар алған болатын. Ал осы жолы олардың қатары артып, 41 адамға жетіп отыр.  

 

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады