Станция тұрғындары зауыт түтініне тұншығып отыр

Әлеумет
07.04.2023, 11:24
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау қаласынан алшақ жатқан станция маңындағы ауылдардың әлеуметтік жағдайы әлі де оңалып кете қойған жоқ. Соның ішінде «Болашақ» зауытына жақын орналасқан елді мекендердің экологиялық ахуалы өте нашар, зауыттан шыққан түтін мен күкірттің иісі Таскескен, Ескене станциялары тұрғындарының денсаулығына қатты әсер етуде.

Бұл ауылдарда негізінен теміржолшылар тұрады, халықтың дені темір жол саласында жұмыс істейді. Бұған дейін Қарабатан, 496-разъезд тұрғындары қалаға көшірілген болатын. Жоспар бойынша енді Ескене және Таскескен елді мекендерінің тұрғындары да көшірілуі керек көрінеді.  

Айта кетерлігі, Қашаған мұнайы құйыла бастаған «Болашақ» зауыты жылына 22, 5 млн тонна мұнай және 6,2 млрд текше метр газ өңдейді. Мұнай өңдеу жүйесі тәулігіне 450 мың баррельге немесе жылына 22,5 млн тонна мұнай өңдеуге мүмкіндік береді. Ол мұнайды сусыздандыруды және тұрақтандыруды, меркаптанды жоюды, «Қашаған» кен орнының тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлеу кезеңінде сақтауды және экспортқа жөнелтуді қамтиды. Жылына қуаты 6,2 млрд текше метрге дейін газ дайындайтын жүйе, отын мен күкірт ретінде сұйытылған газды да қоса алады. Ал қышқыл газдан қарапайым күкірт өндіріледі. Күкірт сутегінің ауаға таралуы экологияны нашарлатып жатқандықтан, инфрақұрылым мен ешқандай әлеуметтік нысандардың жоқтығынан аталған ауыл тұрғындары да бірнеше жылдан бері көшуге дайын.  

Тұрғындардың айтуынша, екі ауылдың зауыттан орналасу қашықтығы әртүрлі болғанымен, проблемалары бір. Ең алдымен ауаның бүлінуі денсаулыққа үлкен зиянын тигізуде: жағымсыз иістен адамдардың қан қысымы жоғарылап, басы айналып, жүрек нашарлауда. Содан да болар, ауылда өлім-жітім көп, жап-жас шағында бұ дүниемен ерте қоштасып жатқандар саны үдеп барады. Содан соң ауылда су да, газ да, жол да жоқ, балабақша мен мектеп, емхана деген әуел бастан жоқ. Жолдың сапасы өте нашар. Мектеп жасындағы балалар Атырау қаласындағы Бесікті ауылы мен Доссордағы интернатта жатып оқиды. Оларды апта сайын тасымалдаудың өзі қиындық тудыруда. Үлкендерін айтпағанның өзінде, 5-6 жасар баланы автобусқа не пойызға қараусыз мінгізіп жіберу қауіпті, бірақ басқа амал жоқ. Дүкен деген атымен жоқ, азық-түлікті жұрт қаладан тасымалдайды. Көлігі бар жандарға жеңілдеу болғанымен, көлігі жоқтарға тіптен қиын. Ауылдан қалаға арнайы автобус қатынамайды.  

Таскескенде 10 шақты, Ескенеде 40-тың үстінде үй, төрт ауылда барлығы 600-дей тұрғын бар. Әкімшілік жағынан Мақат ауданына қарайды. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Мақат ауданындағы Бәйгетөбе ауылының тұрғындарымен кездесуде биыл екі елді мекеннің тұрғындары көшірілуі мүмкін екенін айтты. Екі елді мекен де Мақат ауданының аумағымен өтетін теміржол бойында орналасқан. «Бұрын NCOC компаниясымен екі елді мекеннің тұрғындарын көшіруге қатысты келісім жасалған. Қазір осыған байланысты жұмыс жүріп жатыр. Компания басшылығы тұрғындарды көшіру жұмыстарына атсалысуға дайын екенін білдірді. Бірақ тұрғындарды қайда көшіру керек? Олар не аудан орталығына, не өзге елді мекенге көшкісі келмейді. Көпшілігі Атырау қаласына қоныс аударуға сұраныс білдіріп отыр», – дейді Серік Шәпкенов. Әкімнің айтуынша, қазір Атырау қаласындағы Талқайран шағын ауданында көпқабатты 24 үй салынған. Алайда, инфрақұрылым желілері дайын болмағандықтан, тұрғын үйлер пайдалануға берілмеген. «Биыл аталған шағын ауданға инфрақұрылым желілері жүргізіледі. Содан соң Талқайран шағын ауданынан жер телімін бөліп, екі елді мекеннің тұрғындарын көшіру шараларын қарастырамыз», – деді ол. Ауыл тұрғындары болса көшу мәселесінің тезірек шешілгенін қалап отыр.  

 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты