«Қайырымдылық керуені» аймақты аралады

Әлеумет
28.04.2023, 12:57
Суреттерді түсірген автор

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының (ЭЧ-24) ұжымы 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күні қарсаңында қайрымдылық керуенін ұйымдастырды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының (ЭЧ-24) басшысы Ахан Бижанов, Кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Жақсыбаев, дистанцияның бас инженері Жоламан Анаров, Еңбек қауіпсіздігінің жетекші инженері Айнұр Есмуратова 2023 жылдың 28 сәуір Дүниежүзілік еңбек қорғау күні қарсаңына орай, өндірістік орнында жарақат алған және қайтыс болған Шымкент ЭЧ-24 жұмысшыларының отбасыларына азық-түлікпен жәрдем көрсету мақсатында әрбір отбасының үйлеріне жеке-жеке  кіріп сұхбаттасып, мұң-мұқтаждарын тыңдап, алдағы уақыттарда қажетті жәрдемдерін аямайтынын жеткізді. 

Қайрымдылық керуенінің басты мақсаты – теміржол саласында қызмет жасап жарақат алған, өндіріс өміріне әсер етіп  қайтыс болған азаматтармен оның отбасына құрмет көрсету болып табылады. ЭЧ-24 мекемесіне қарасты  жұмыс өндірістік орнында жарақат алған адамдар саны жетеу.

Керуен теміржол бойынан, ең алдымен  Сарыағаш ауданына қарасты Жылға станциясынан басталды, ЭЧЭ электромеханигі Бекболат Аташов өндірістік жарақаттан қаза тапқан.

Арыс қаласына қарасты Монтайтас станциясынан РКС электромонтеры Тажібаев Смайылхан, қазіргі уақытта 1-топ мүгедегі.

Арыс станциясының Монтайтас станциясынан РКС электромеханигі Нұрлан  Сапаров өндірістік жарақаттан қаза тапқан.

Арыс қаласына қарасты Арыс-1 станциясында, РКС электромонтеры болып қызмет атқарған Сайфулла Шарифуллин қазіргі уақытта 3-топ мүгедегі.

Арыс қаласына қарасты Арыс-2 РКС электромонтеры Өмірзақ Амреев қазіргі уақытта 25-пайыз еңбекке жарамсыз.

Ордабасы ауданына қарасты Бадам станциясынан РКС электромонтеры Абылай Берденов қазіргі уақытта 1-топ мүгедегі.

Түркістан қаласына қарасты Түркістан станциясында РЭС электромонтеры Исмайлов Сұлтан өндірістік жарақаттан қаза тапқан.

Аталған азаматтардың барлығының отбасы мен жақындарына ұжым атынан 23 сәуірде қайрымдылық керуені арнайы ат басын бұрды. 

Адам өмірінің қауіпсіздігін бірінші орынға қоятын Қазақстан теміржолы компаниясы қашанда өз тарапынан материалдық көмектер көрсетіліп тұрады. Қауіпсіздік басты-құндылығымыз! Ал адам өмірі – Қазақстан үшін ең маңызды ресурс. 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды